Фестиваль мәресіне жетті
Бүгін, 21 сәуір күні Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен, Орал қалалық жастар ресурстық орталығы және «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар Қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «ORAL JASTARY» фестивалінің қорытынды гала концерті өтті.
11 аталым бойынша өткен фестивальге қаламыздағы 22 оқу ордасынан 10 000 мыңнан астам студент қатысты. Астана қаласынан келген «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар Қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев фестивальдің жабылу салтанатымен құттықтап, жастарға, ұйымдастырушыларға алғыс айтты. – Елімізде 6 миллионнан астам жас азамат тұрса, оның 200 мыңы Батыс Қазақстан облысында тұрады. Сол 200 мыңның ішінен суырылып шыққан кіл мықтыны «ORAL JASTARY» фестивалі анықтады, – деп Нұржан Жетпісбаев жүлдегерлерді марапаттады.
Фестивальді Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов қорытындылап, оқу орындарының басшыларын Алғыс хатпен марапаттады.
Бір айға жуық уақытты қамтыған фестиваль нәтижесінде командалық есеп бойынша жүлделі І орынды М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті қанжығасына байлады. ІІ орынға Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті табан тіреді. ІІІ орынды Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті иеленді.
Концерт барысында әр аталым бойынша жеңімпаздар марапатталып, жүзден жүйрік шыққан жүлде иегерлері өнерлерін көрсетті.
Дәметкен ТАЛҒАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Кіру
Пікір үстеу