Ел дамуындағы ауыл әйелінің рөлі
Кеше «КазИИТУ» ғылыми – білім кешенінде «AMANAT» партиясының бастамасымен «Ел дамуындағы ауыл әйелінің рөлі» атты тақырыпта форум болып өтті. Форумға модератор – тренер Ғазиза Райымбек, «Жер – Ана Астана» қоғамдық бірлестіктің төрағасы, Степногорск қаласы, «Олжас» шаруа қожалығының жетекшісі Гүлмайра Баймақова қатысты.
Шарада алдымен сөз алған «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Кеңесары Нұршинов: Тарихи тұрғыдан алғанда, қазақ қоғамында әйел дәстүр мен отбасылық ошақтың сақтаушысы ғана емес, сонымен бірге ер адаммен бірге экономикалық, саяси, әлеуметтік өмірге де қатысқан. Қазақ халқы әйелдің құндылық қасиеттеріне өз пікірінің, ойлаудың дербестігінің, өз көзқарасын қорғауға және соған сәйкес әрекет етуге дайындығының болуын жатқызған. Тарихшылар «Дала әйелдері басқа Шығыс халықтарының әйелдерінен әлдеқайда тәуелсіз, еркіндікке ие болуымен ерекшеленді. Көбіне халықтың тағдырлы шешімдеріне тікелей қатысты» деп баға берді. Қазіргі уақытта Қазақстан әйелдері экономиканың дамуында маңызды рөл атқарады. Дағдарысты еңсерудің және экономикалық прогреске қол жеткізудің белсенді және ауқымды ресурсы болып қала береді. Әйел адамның сауатты дамуын қалыптастыру – отбасы мен мемлекеттің әл-ауқатының жетістігі.
Партия жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес құрылғаннан бері жоспарлы түрде көптеген шаралар жүзеге асуда.Жыл басынан бері аула клубтарының, мектептердегі санитарлық бөлмелердің, арнайы мектептердің, аула спорт кешендерінің ахуалына мониторинг жүргізіліп, ұсынымдар енгізілді. Бүгінгі таңда елдегі шағын және орта бизнес секторындағы барлық жұмыс орындарының үштен бірін әйелдер атқарып келеді. Мемлекеттің гендерлік саясаты әйелдер мәселелерінің күн тәртібіне сүйене отырып қалыптасады. Мәселен, ұлттық жобалар мен стратегиялық көрсеткіштер картасы деген мәселелерін реттейтін индикаторлар бүгінгі күнге дейін болмаған екен. Соның салдарынан өңірлер облысты дамыту бойынша жоспарына отбасы құндылықтарды дәріптеу, зорлық–зомбылықтың алдын алу бойынша индикаторларды негізе алмай келді. Біз жолдаған ұсыныстан кейін бұл мәселе шешімін тапты. Бүгінгі форум барысында басқа түйткілді мәселлер көтеріліп, нақты ұсыныстар енгізіліп, Астана қаласынан келген қонақтарымыз жоғары жаққа осы ұсыныстарды жеткізеді деген сенімдеміз,-деді Кеңесары Нұршиев.
Одан кейін сөз кезегін жалғастырған қоғамдық және бұқаралық коммуникациялар бойынша медиа – жаттықтырушы Ғазиза Райымбек, Степногрск қаласы, «Олжас» шаруа қожалығының жетекшісі Гүлмайра Баймақова, №42 «Ақ ниет» гимназиясының директоры Әзима Ғұбашева , жеке кәсіпкер Сәндігүл Исмағұлова өздерінің кәсіптік бағдар беретін бағдарламалар мен жобалар туралы тәжірибелерімен,құнды пікірлерімен ой бөлісіп, кәсіпті кеңейіп,төңірегінде әңгіме қозғалды.
Сондай-ақ, БҚО денсаулық сақтау басқарамсы бөлімінің меңгерушісі Айнаш Ғұбайдуллина «Әйел денсаулығы – салауатты қоғамның негізі» тақырыбындағы баяндамасында скринингтік тексеруден жылына бір рет міндетті түрде өту керектігі және ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 725 қаулысымен бекітілген «Дені сау ұлт» бағдарламасының әрбір азамат үшін сапалы,қолжетімді екенін алға тартып, жүкті әйелдерді босануға дейінгі жеке және саларалық бақылаумен қамтуды ұлғайту туралы 4 тармағына сәйкес әр жүкті әйел 10 аптаға дейін жүктілігі бойынша есепке тұру қажеттігін қадап айтты.
Жиын соңында форумға қатысушы қыз-келіншектер кәсіптің қыр-сыры жайында өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, еркін форматта пікір алмасты.
Гүлжан АЯЗБАЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады

Кіру
Пікір үстеу