❤️❤️❤️Құрметті менің Оқырмандарым! 📕📚📗
«Жайық үнінің» бүгінгі нөмерінен көптеген тұщымды мақалаларды оқыңыздар. Ең алдымен, 20 қараша күнгі ҚР Президентінің сайлауына азаматтық үлесін қосып, тоқсанның төрінде отырса да өз даусын берген Вениамин СКАЛЕНКО есімді атайдың қажыр-қайратына оралдықтар тәнті болып, жастар үлгі алар деген ойдамыз.
🌹М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың 4-курс студенті, ҚР Президенті атындағы шәкіртақы иегері Сағынбаева Дәметкеннің «Өз ескерткішін өзі қалаған» атты зерттеу мақаласы да осы нөмерде! Дәметкеннің көлемді дүниесін редакция почтасына БҚУ-дың оқытушы-ғалымы Айдарбек Ақболатов жолдаған-ды «шәкіртінің жолын ашу» мақсатымен. 👏 Студент ұлт ағартушысы А. Байтұрсыновтың бай мұрасын алыстан іздеген екен! Қуана-қуана 4-5 бетке жарияладық. 👏
💐Атақты мектеп директоры болған, Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі Күләш Құрманғалиеваны кім білмейді? Хан Ордасы ауылындағы тарихи білім ұясын және Оралдағы Мәншүктің мектебін басқарған ел ұстазы жайлы Бөкейорда музейінің басшысы Гүлзада Абулхайырова сағынышпен ой толғапты. Марқұм Күләш апамыздың әруағы желеп-жебесін бәріңізді. 🙏
👨🎓Бұл жолы сонау Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық сотының судьясы М. Әлмұханбетовтен де хат келді. Судьяның «Мемлекеттік тілдің қолданысын қалай күшейтеміз?» атты мақаласы да қоғамдағы түйткілдің сырын ашқандай.
🌝 😍🌝 Оқырмандарым! Біз сіздерден осындай оқылымды, халыққа қажетті мақалалар күтеміз! Ол үшін «Жайық үніне» 2023 жылға жазылып, авторлық мақалаңызбен бірге түпнұсқасын почтамызға қоса жіберсеңіз болғаны? 👍
«Жайық үні» газетінің редакция алқасы. Аман – сау болыңыздар. 🌞🌞🌞
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу