КӘСІПТІК БАҒДАР – БОЛАШАҚҚА ЖОЛ
Қаладағы №22 орта мектепте өткен жылынан бастап оқушыларға кәсіптік бағдар беру бағытында «Өмірлік таңдау» жобасы қолға алынған. Жоба аясында оқушылар түрлі сала мамандарымен кездесіп, өмірлік жолдарын адаспай табуға, бағыт-бағдар алып отырады. Кеше мектептің 9-11 сынып оқушылары бизнес өкілдерімен кездесті.

Мамандық таңдау – жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан біреуін таңдау міндеті тұратыны белгілі. Бұл күні жеке кәсіпкер, Орал қалалық мәслихатының депутаты Әлібек Әжмағамбет, ата-аналар комитетінің мүшесі Сәбира Еролеева, «Орал АВТОГАЗ» ЖШС басшысы Талғат Тлепбергенов, «Орал қалалық білім беру бөлімінің оқу-өндірістік комбинаты» KММ директоры Мұхтар Есболатов, «УРАЛ-ТАУ» ЖШС бас директоры Әліби Оразов жас буынға өмірлік тәжірибелерінен сыр шертіп, мамандықты саналы түрде таңдауға кеңестерін берді. Мектеп директоры Жанаргүл Аймурзинаның айтуынша, жоба шеңберінде оқушылар кәсіпорын, мекемелерге, ата-аналарының жұмыс орындарына барып, әр мамандықтың қыр-сырымен танысып жүр. Қазіргі таңда мектепте 752 бала білім алуда. Олардың 21-і осы оқу жылында алтын ұясымен қош айтысады. Былтырғы оқу жылында мектепті тәмамдаған 14 оқушының бәрі дерлік жоғары оқу орындарының студенті атанған.

– Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді». Осы мемлекеттің болашағы жастар десек, бүгін осы маңызды тақырыпқа байланысты мектебімізге өмірде өз орындарын адаспай тапқан, өз өмірлерінің нағыз иелерін шақырдық. Мамандық таңдауда Жүсіпбек Аймауытовтың «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» деген сөзін басшылыққа алу керек. Жобаның мақсаты – жедел дамыған заманға сай балалардың көзқарастарын өзгерту, – дейді Жанар Төлегенқызы.
Ал депутат Әлібек Әлімжанұлы: – Мұндай басқосулар жасөспірімдер үшін өте қажет. Әр баланың өмірлік таңдауын дұрыс жасауы үшін ақыл-кеңестерімізді беруге дайынбыз. Қазіргі маман – бәсекеге қабілетті болуы хақ. Елбасы айтқандай, үштілді меңгеру маңызды. Жаңашылдыққа ұмтылу қажет. Осы бағытта мектеп ұжымының қолға алған жобасы көңіл қуантады, – дейді Кездесу барысында балалар кәсіпкерлерге көкейдегі сауалдарын жолдап, нақты жауаптарын алды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру
Пікір үстеу