ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Осы аптада жетінші шақырылымдағы Орал қаласы мәслихатының кезекті он екінші сессиясы өтті. Қала әкімі Абат Шыныбековтың төрағалығымен өткен мәжілісте күн тәртібінде сегіз мәселе қаралды.
Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында қаралған мәселелердің алғашқысы – Орал қаласындағы діни экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі іс-шараларды іске асыру. Осы бағытта өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов баяндама жасады.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында қала әкімдігімен жұмыстар екі негізгі бағытта жүргізілуде. Оның біріншісі – алдын-алу жұмыстары болса, екіншісі – дәстүрлі емес діни ағымда жүрген тұлғаларды қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу және оңалту. Былтырғы жылы алдын-алу бағытында 100-ден астам іс-шаралар өткізіліп, 7000-нан астам адам қамтылған.
Бүгінде қала бойынша дін саласы аясында арнайы ақпараттық-түсіндіру тобы бар. Өткен жылы аталған топ барлық мектептер, арнаулы орта және жоғары оқу орындарының 1 курс студенттерімен кездесулер өткізіп, жастардың түрлі сұрақтарына жауап берген. Бұдан бөлек, мектеп кезден бастап деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында Ю.Гагарин атындағы балалар кинотеатрында мектептің жоғары сынып оқушылары мен ЖОО, арнаулы орта оқу орындарының 1 курс студенттеріне «Алданған әйел» фильмі көрсетілген. Сондай-ақ жастарға бағыт-бағдар, түрлі әлеуметтік бағдарламалар мен жұмысқа орналастыру бойынша тұрақты түрде «Alem plaza», «City center», «Жәңгірхан» сауда үйлері, базар аумағы сияқты халық көп шоғырланған жерлерде «Жастарға кеңес», «Болашағың өз қолыңда», «Жетістік жолы» жобалары жүзеге асырылуда. Оның барысында қала тұрғындарына және жастарға түрлі бағдарламалар (оқыту курстары, жұмысқа орналасу, тұрғын үй, теологиялық сұрақтар) бойынша қолжетімді кеңестер беріп жүр.
–Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасы Сирия сияқты локальді қақтығыс аймақтарынан отандастарымызды қайтару бойынша үлкен масштабты «Жусан» және «Русафа» операцияларын жүргізген болатын. Нәтижесінде қаламызға тұрып жатырған 29 отбасы, 70 балаға келген сәттен бастап көмектер көрсетілді. Атап айтсақ, құжаттарын қалпына келтіру, мектеп пен балабақшаға орналастыру, түрлі оқыту курстарына жіберу арқылы жұмысқа орналастыру, атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар тағайындау, кәсіптерін ашу жұмыстарына қатысты сұрақтары шешілді.
Мирболат Сағынғалиұлы баяндамасында қазіргі таңда көп ақпараттың легі ғаламтор желісі, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы келетінін баса айтып, осы бағытта тұрғындардың, ең алдымен жастардың діни сауаттылығын арттыру, терроризм мен экстремизмге қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында «Instagram», «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілерінде «Діни таным Орал» парақшасы ашылғанынан хабардар етті. Парақшада ақпараттық-танымдық материалдар, бейнероликтер тұрақты түрде жарияланып, білікті мамандармен, жастар арасында беделді тұлғалармен танымдық тікелей эфирлер өткізілуде. Осы бағытта түсірілген «Ажырасу», «Ағайын», «Дін мен дәстүр сабақтастығы» және «Адамның бақытты болуына не кедергі» тақырыптарындағы ақпараттық бейнероликтер халық арасында кеңінен таралғанын атап өтті.
Осыдан кейін мәслихат хатшысы Есентай Қалиев Орал қаласы мәслихатының 2021 жылы атқарылған жұмыс есебін баяндады.
Жиында қалалық қоғамдық кеңестің жаңа құрамы бекітілгенін хабарлады. Қоғамдық кеңестің құрамы коммерциялық емес ұйымдар және мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған 21 адамнан тұратын болып бекітілген. Бұл туралы Орал қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобының төрағасы Есім Бектілеуов мәлімедеді.
– Жаңа құрам конкурс жүйесі арқылы сайланды. Барлығы 50 өтініші келіп түсті. Құжаттардың барлығыны қабылдап, әр кандитатпен әңгімелесу жүргізілді. Ашық дауыс беру нәтижесінде жаңа құрам жасақталды. Жаңа құрамда мемлекеттік органнан – 3, коммерциялық емес ұйымнан – 18 өкіл бар, – деді.
Сонымен қатар, жиында Орал қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамы, қалалық мәслихаттың жаңа регламенті, жер комиссиясының жаңа құрамы, Орал қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамы бекітіліп, қолдау тапты. Ұсыныс-пікірлер ескеріле отырып, тиісті шешімдер қабылданды.
Ақарыс ӘЙІПТЕГІ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу