8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Наурыз 2022 2239 0
Қалалықтар қаперіне

«АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСЫҢЫЗ

Құрметті Орал қаласының жұмыс берушілері!
Сіздерді «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысуға шақырамыз. Жобаға меншік нысанына қарамастан, бір жылдан астам жұмыс істейтін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ жұмыс берушілер қатыса алады.
Жұмыс беруші Электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) «жеке кабинеті» арқылы «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысуға электронды өтінім береді.
Жобаға жұмыс тәжірибесі жоқ 29 жасқа толмаған жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар 18 айға дейін қатыса алады.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысы 30 АЕК-ті құрайды.
Жұмыс беруші «Алғашқы жұмыс орны» жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамға кәсіби білімдері мен жұмыс тәжірибесін беру үшін тәжірибелі жұмыскерлердің арасынан тәлімгерді тағайындайды және жобасының мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссызды кемінде 12 (он екі) ай мерзімге тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасының көмегімен сіз кадрлық мәселелерді шеше аласыз, сонымен қатар өскелең ұрпақ жастарға кәсіби тәжірибе мен өмірлік тәжірибені игеруге көмектесесіз
Қосымша ақпаратты Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 173А мекенжайынан немесе 8-7112-30-22-73 телефонына хабарласып біле аласыз.
Орал қаласының әкімдігі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
45 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
115 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
304 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
295 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»