8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Наурыз 2022 2185 0
Қоғам

«Казталовка-Жәнібек-РФ шекарасы» және «Өнеге-Бисен-Сайқын» АВТОЖОЛДАРЫНДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ

Ағымдағы жылы, ұзындығы 248 шақырымды қамтитын республикалық маңызы бар «Казталовка-Жәнібек-РФ шекарасы» және «Өнеге-Бисен-Сайқын» автожолдарында күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы кеше Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚОФ директоры Әмір Кәрімбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, автожолдар бойынша жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған болатын. Алайда, объективті және субъективті себептерге байланысты жұмыстарды аяқтау мүмкіндігі мүлдем болмады, осылайша бүгінгі таңда жұмыстарды аяғына дейін орындау жалғасуда.
«Әрине, біздер бұл жобалар үшін толық жауаптымыз. Және де жергілікті тұрғындардан осы орын алған қиын жағдайларға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Өз кезегінде, құрылыс жұмыстарының мердігерлері биылғы 2022 жылға қойылған міндеттемелерді уақтылы және тиімді орындауға барынша күш салатын болады. Бүгінгі таңда 6 күрделі жөндеу объектісіне 5 мердігерлік компания тартылған», – деді Ә.Кәрімбаев.
БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
122 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
165 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
203 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
440 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»