8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Қаңтар 2022 1702 0
Қоғам

«ҚАЗАҚСТАНДА ЛОКДАУНДЫ ЕНГІЗУ ҚАРАСТЫРЫЛМАЙДЫ»

Қазақстанда локдаунды енгізу қарастырылмайды – А. Ғиният

БАҚ үшін өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты локдаунның енгізілу мүмкіндігінің бар, жоғын хабарлады.

«Бүгінде ел ауқымында локдаунды енгізу жоспарланған және болжанған жоқ. Біз қолданып отырған барлық шектеу шаралары Денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені азайтуға, коронавирустық инфекциядан болатын өлім-жітімді азайтуға, денсаулық сақтау жүйесінің қызып кетуіне жол бермеуге бағытталған, ал шұғыл көмек барлық халыққа қолжетімді», – деп ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният брифингте хабарлады.

Оның айтуынша, алдағы уақытта шектеу шаралары әр өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты сараланып қолданылатын болады.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда да «Омикрон» тез таралуда және бүгінде Түркістан облысын қоспағанда, бүкіл ел «қызыл» аймақта орналасқан.

«Соңғы айда коронавирустық инфекциямен ауыру 19,6 есе, репродуктивті сан 2,1 есе, COVID-19 — ға тестілеудің тәуліктік көлемі 3,5 есе артып, тәулігіне 50 мың тестке жетті», – деп хабарлады А. Ғиният.

Министрдің айтуынша, соңғы айда өлім саны 2-2,5 есе азайды. Өсу үрдісі жоқ. Соңғы айда стационарларда ем алатын пациенттер саны 2 есеге, амбулаториялық деңгейде 5 есеге артты. «COVID-19 ауруының 60% – дан астамы үш аймаққа тиесілі. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында сырқаттанушылық 32 есе өсті, бұл ретте тестілеу деңгейі ел бойынша ең жоғары және тәулігіне 10 мыңнан астам тестіні құрайды», — деді А.Ғиният.

healthcare.gov.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
63 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
59 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
59 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
56 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
109 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
84 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»