ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ШЕГЕРІЛГЕН ӘУЕ РЕЙСТЕРІНІҢ АҚШАСЫН ҚАЛАЙ ҚАЙТАРУҒА БОЛАДЫ?
Қазақстандық әуе компаниялардың басым көпшілігі қаңтар айының соңына дейін Төтенше жағдай режимі кезінде шегерілген рейстердің билет құнын қайтаруға уәде беріп отыр.
Air Astana компаниясы билет қайтару ережелерін қайта қарап отыр. Егер сапар 2022 жылдың 31 қаңтарына дейінгі кезеңде жоспарланған болса, билет уақытын 28 ақпанға дейінгі кез келген күнге тегін қайта ресімдеуге болады. Немесе билеттің ақшасын толық қайтаруып алуға болады. Ол үшін билет қайтару құжаттарын ұшатын уақытқа 24 сағат қалғанға дейін рәсімдеп үлгеру керек. Сall-орталық 19 қаңтардан бастап сағат 08:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Алматы және Нұр-Сұлтан әуежайларындағы билет сататын кеңселер тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл жерде әңгіме 5-31 қаңтар аралығына алынған бүкілішкі және сыртқы рейстердің билеттері туралы болып отыр.
«Егер жолаушы қауіпсіздік мақсатымен сапардан бас тартса, оның рейстері 5-31 қаңтар аралығында жоспарланған болса, бұл жағдайда сіз сатып алған билет үшін ақшаны қайтаруға болады», – деп түсіндірді компанияның баспасөз қызметі.
Шетелде жүрген қазақстандықтар билеттерді сатып алған орны бойынша немесе келесі нөмірлер бойынша тұрақты рейстерге тегін брон жасай алады: +7 727 244 44 77, +7 717 258 44 77,+7 702 702 44 77
Whats app: +7 702 702 01 48 немесе airastana.com онлайн-чаты (сайттың басты бетіндегі төменгі оң жақ бұрышта).
Сондай-ақ, 19 қаңтардан бастап бұл компания маршруттық желіні түгелдерлік қалпына келтіреді. Коломбо, Мале, Пхукет, Лондон, Дубай, Анталия, Тбилиси, Баку, Ташкент, Душанбе және Бішкекке тұрақты әуе қатынасы жаңартылды.
Ал FlyArystan компаниясы төтенше жағдай кезінде, яғни, 5-19 қаңтар аралығында арқылы ұшуға тиіс болған жолаушыларға 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін билет ақшасны айыппұлсыз қайтарып береді немесе осы мерзімдегі бос орындарды брондауға мүмкіндік ұсындаы. Ол үшін өтінім ұшуға екі сағат қалғанған деін рәсімделуі керек.
Егер сіз билетті агенттіктен/кассадан/туристік фирмадан сатып алсаңыз, билеттерді сатып алу орны бойынша хабарласу қажет.
Егер сіз билетті компанияның қосымшасы арқылы немесе FlyArystan сайтында сатып алсаңыз, ұшу күні өтпегені маңызды. Өз бетіңізше қосымшадағы «Менің броным» қосымшасы арқылы және сайттағы «Бброндауды басқару» қызметі арқылы өзгерістер енгізе аласыз: – 31 қаңтарға дейін рейстерге билетті қайта брондау – авиабилетті қайтаруды ұшуға дейін 2 сағат бұрын рәсімдеу;
– Егер тоқтатылған рейстің күні өтіп кетсе, refund@flyarystan.com немесе Whatsapp ботына егжей-тегжей хат жазу керек болады.
– Жүйе дұрыс жұмыс істемеген және қаражат толық қайтарылмаған жағдайда да refund@flyarystan.com мекенжайы бойынша хабарласу қажет.
Өтініштерді мына байланыс арналары арқылы жолдауға болады: contact.centre@flyarystan.com. Телефон: + 7 727 331 10 10; whatsapp бот: +7 702 702 02 27
Scat авиакомпаниясының баспасөз қызметі, егер төтенше жағдайға байланысты тоқтатылған рейстердің жолаушылары билет ақшасын толық қайтара алатынын айтты. Немесе 2022 жылдың 31 қаңтарғына дейінгі кезеңде қайта брондауға құқылы. Билетті өзгерту немесе қайтару үшін сатып аллған орынға жүгіну қажет.
«Егер компания рейсті орындаса, бірақ жолаушы ұшудан бас тартқан болса, қайтару және қайта брондау нақты билеттің тарифін қолдану ережесі бойынша іске асады. Бұл жұмыстың бәрі билетті сатып алған орынға тікелей жүгінсе, әлдеқайда жылдам бітеді» – деп түсіндірді компания мамандары.
Qazaq Air әуе компаниясының баспасөз қызметі 5 қаңтардан 19 қаңтарға дейінгі рейстердің билеттерін қайтару және айырбастау билет сатып алған орын бойынша ресімделуі мүмкін екенін мәлім етті. Бос орын болса, 2022 жылдың 1 наурызына дейінгі кез келген күнге тегін айырбастау мүмкіндігі де ұсынылмақ. Қайтарылға билет ашқасын да 1 наурызға дейін талап етуге болады.
Егер билет flyqazaq.com веб-сайты арқылы сатып алынса, info@flyqazaq.com электрондық поштасына хабарласып, брондау нөмірін көрсету қажет(6 символдан тұрады). Егер билет туристік агенттік арқылы сатып алынған болса, билет сатылған мекенжай бойынша жүгіну керек.
Версия для печати
Пікір үстеу