8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Қазан 2021 1368 0
Қалалықтар қаперіне

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ: ОРАЛДАҒЫ ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІКТЕР (1996 ЖЫЛ)

Егемендік алып, баянды бақытқа, тұғырлы Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге де 30 жыл толып отыр. Бұл аз уақыт емес. Осынау өмір өзенінде  Қазақстан Республикасының мерейлі кезеңдерін, жеткен жетістіктерін, жеңістері мен жемістерін айтып тауысу мүмкін емес. Егемен еліміздің дамуына, жұлдызды сәттеріне  көне қаламыз – Оралдың да үлесі ұшан-теңіз! Орал қаласы – жақсылықтың жаршысы! Сұлу Жайық бәріне куә!

Иә, тарих бір орнында тұрмайды.  Тарих хатталады, архивтерде сақталады. Алыстап кеткен  «көшке» көз жүгіртіп, біз  бүгін сонау 1991 жылдардан бері Орал шаһарында болған оқиғаларға,  халық үшін жасалған жарқын істерге төл газетіміздің төрінен орын беріп отырмыз. Бұл тұрғыда алдымен Орал қаласының әкімі Шыныбеков Абат Абайұлының қосқан тың ойларын, басты идеяларын қаперлеріңізге салып өтейін. 

Сондықтан жылыстаған заманға қайтадан шолу жасап, ертеректе жасыл Жайықта  жасалған жұмыстарды қайтадан жаңғыртпақпыз. Тәуелсіздікпен бірге жарық көріп, талай тарихи сәттерді  жұртшылыққа қазқалпында жеткізіп келген қалалық қоғамдық-саяси апталық «Жайық үні» газетінің оқырманымен қауышқанына да мінекей, 30 жыл!  Әрине, ескірмейтін естеліктерді еске түсіріп, ұмытылмас шақтарды жинақтау біздің «Жайық үні» редакция алқасына да оңайға соққан жоқ. Сол себепті архивтерге жүгіндік. Қажетін тауып, оқырмандар үшін қадемізге жаратудамыз. Әсіресе, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы қор деректері, бұдан біраз жыл бұрын шыққан жергілікті газеттер, заманауи сайттар бізге көп көмектесті. Осындай шынайы, нақты деректерге, құжаттарға арқа сүйедік! Мәңгі өлмейтін, өшпейтін тарихты қайдан болса да іздеп,  тауып, жерлестеріміздің назарына салу  басты мақсатымыз ғана. Бұл үшін бізді ешкім айыптай қоймас. Өйткені, Тәуелсіз еліміздің алғашқы жылдарынан бастау алған қаладағы  игілікті істер, толағай табыстар халық жадында жаңғыра беруі тиіс! Бүгінгі жастар мен болашақ ұл-қыздарымыз туған қаламыз Оралда 1991 жылдан бастап қандай жетістіктер, ел-жұртымыз рахатын көрген нендей ғажайыптар болғанын саралауы тиіс. Жас  та, орта буын да,  аға-апалар да Оралда болған сол оқиғаларды жадында жаңғыртса нұр үстіне нұр емес пе?! Оңайлықпен келмеген тәтті Тәуелсіздігімізді, ардақты Азаттығымызды Алты Алашым – Ақ Жайығым бағалай білгенге не жетсін?!  Ол үшін тарихты әлсін-әлсін ойға оралтып отырсақ деймін.

Сонымен, менің айтпағым, қадірлі оқырман қауым! Тәуелсіздіктің  төл құрдасы «Жайық үні-Жизнь города» газетінің бүгінгі нөмірінен бастап, Сіздер Орал қаласында болған тарихи оқиғалармен қайта қауышып, кеңірек таныса  аласыздар! Ару Жайықтың жағасында  жарқ еткен жұлдызды сәттер Сіз бен Біздің көз алдымызға  елестеп, Тұғырлы Тәуелсіздігіміз, азат еліміз бейбіт өмір сүріп, бұдан да зор жарқын істерге жете берсін, игілігін халқымыз көре берсін!

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА

1992 жыл

1993 жыл

1994 жыл

1995 жыл

1996 жыл

16-17 ақпан. ҚР Премьерминистрінің орынбасары Виталий Метте «Металист зауыты» АҚ-та болды. Мұнда ол зауыттың мамандары мен жұмысшыларымен кездесті. Бұдан кейін Үкімет басшысының орынбасары қаладағы бірқатар өнеркәсіп нысандарын аралады. Еліміздің қорғаныс, жеңіл өнеркәсіп салаларын дамыту, мемлекеттік тапсырысты орындау, шығарылатын өнімді сертификациялау мәселелерін талқылаған кеңес өткізді.

19 наурыз. «Береке» АҚта қалбырға дәрі құятын автоматтандырылған желі іске қосылды. Жаңа қондырғы 50-ден 400 миллилитрге дейінгі диапазонды ыдысқа дәрі құюды қамтамасыз етеді. Оның іске қосылуы медициналық препараттар шығаратын цехтың өндірістік қуатын арттырып қана қоймай, шығаратын өнім түрлерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

21 мамыр. Чапаев атындағы затонда «Зенит» зауыты және «Гидроприбор» ҒЗИ шығарған «Батыр» катері мен «Сұңқар» шекара күзеті кемесі суға түсірілді. Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Қ.Жақыпов екі өндіріс орны Қорғаныс министрлігімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасап, тапсырысты орындау нәтижесінде табыс көзін молайтып отырғандарына тоқталды.

15 тамыз. Орал корей мәдени орталығының конференциясы болып өтті. Онда Батыс Қазақстан облысы корейлер ассоциациясы құрылды. Оның басқарма төрағасы болып Анатолий Ким сайланды.
10 қыркүйек. Орал қаласында Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Боранғали Ырзабаев және Леонид Макеев тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды. Оның ашылу салтанатына оларды жақсы білетін жерлестері көп жиналды.

2 қараша. Сәкен Сейфуллин атындағы №11 орта мектепте ұлы ақын және философ Ғұмар Қараштың өмірі мен шығармашылығына арналған ғылыми-практикалық конференция болды. Бұл шара жерлес ғалымның 120 жылдығына арналды.

19 қараша. Орал қаласына РФ Саратов облысының губернаторы Дмитрий Аяцков бастаған делегация келді. Соған орай облыс әкімшілігінде өткен шара барысында Батыс Қазақстан облысы мен Саратов облысы арасындағы сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімшартқа облыс басшылары қол қойды.

5 желтоқсан. Лондон қаласында әлемдегі ірі мұнай және газ компаниялары қауымдастығы шығаратын «Каспиан» журналының биылғы саны түгелімен республикамызға арналыпты. Түрлі-түсті 300 беттік журнал «Ел және Президент. Бүгінгі күн, жоспарлар, үміттер» деп аталатын мақаламен ашылған. Журналдың біраз бөлігінде Батыс Қазақстан облысы қамтылған. Мұнда облыс әкімі Қабиболла Жақыповпен сұхбат, Орал қаласы туралы әңгіме, өңірдегі ірі кәсіпорындар туралы материалдар берілген. Мәдениет және өнер бөлімінде белгілі суретші Сәкен Ғұмаров туралы мақала жарияланған.

14 желтоқсан. Облыс әкімі Қабиболла Жақыповқа Мәскеу және Бүкіл Русия патриархы ІІ Алексейдің шешімімен салтанатты жағдайда Орыс православ шіркеуінің жоғары наградасы – ІІ дәрежелі «Мәскеудің қасиетті князі Данилл» ордені табыс етілді. Облыс басшысына бұл награда өңірде тұратын әр түрлі дін өкілдерінің достығы мен татулығын қамтамасыз етудегі және ескі шіркеулерді қалпына келтіру ісіне қосқан зор үлесі үшін берілді. Патриархтың тапсыруы бойынша награданы Орал және Гурьев архиепископы Антоний табыс етті.

Жалғасы бар.
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
271 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
265 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
560 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
1032 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1408 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1256 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1767 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2386 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2549 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2556 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2606 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2612 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2171 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3090 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3144 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3136 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3758 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3719 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3709 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3684 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3847 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»