8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Қазан 2021 1245 0
Қалалықтар қаперіне

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ: ОРАЛДАҒЫ ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІКТЕР (1995 ЖЫЛ)

Егемендік алып, баянды бақытқа, тұғырлы Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге де 30 жыл толып отыр. Бұл аз уақыт емес. Осынау өмір өзенінде  Қазақстан Республикасының мерейлі кезеңдерін, жеткен жетістіктерін, жеңістері мен жемістерін айтып тауысу мүмкін емес. Егемен еліміздің дамуына, жұлдызды сәттеріне  көне қаламыз – Оралдың да үлесі ұшан-теңіз! Орал қаласы – жақсылықтың жаршысы! Сұлу Жайық бәріне куә!

Иә, тарих бір орнында тұрмайды.  Тарих хатталады, архивтерде сақталады. Алыстап кеткен  «көшке» көз жүгіртіп, біз  бүгін сонау 1991 жылдардан бері Орал шаһарында болған оқиғаларға,  халық үшін жасалған жарқын істерге төл газетіміздің төрінен орын беріп отырмыз. Бұл тұрғыда алдымен Орал қаласының әкімі Шыныбеков Абат Абайұлының қосқан тың ойларын, басты идеяларын қаперлеріңізге салып өтейін. 

Сондықтан жылыстаған заманға қайтадан шолу жасап, ертеректе жасыл Жайықта  жасалған жұмыстарды қайтадан жаңғыртпақпыз. Тәуелсіздікпен бірге жарық көріп, талай тарихи сәттерді  жұртшылыққа қазқалпында жеткізіп келген қалалық қоғамдық-саяси апталық «Жайық үні» газетінің оқырманымен қауышқанына да мінекей, 30 жыл!  Әрине, ескірмейтін естеліктерді еске түсіріп, ұмытылмас шақтарды жинақтау біздің «Жайық үні» редакция алқасына да оңайға соққан жоқ. Сол себепті архивтерге жүгіндік. Қажетін тауып, оқырмандар үшін қадемізге жаратудамыз. Әсіресе, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы қор деректері, бұдан біраз жыл бұрын шыққан жергілікті газеттер, заманауи сайттар бізге көп көмектесті. Осындай шынайы, нақты деректерге, құжаттарға арқа сүйедік! Мәңгі өлмейтін, өшпейтін тарихты қайдан болса да іздеп,  тауып, жерлестеріміздің назарына салу  басты мақсатымыз ғана. Бұл үшін бізді ешкім айыптай қоймас. Өйткені, Тәуелсіз еліміздің алғашқы жылдарынан бастау алған қаладағы  игілікті істер, толағай табыстар халық жадында жаңғыра беруі тиіс! Бүгінгі жастар мен болашақ ұл-қыздарымыз туған қаламыз Оралда 1991 жылдан бастап қандай жетістіктер, ел-жұртымыз рахатын көрген нендей ғажайыптар болғанын саралауы тиіс. Жас  та, орта буын да,  аға-апалар да Оралда болған сол оқиғаларды жадында жаңғыртса нұр үстіне нұр емес пе?! Оңайлықпен келмеген тәтті Тәуелсіздігімізді, ардақты Азаттығымызды Алты Алашым – Ақ Жайығым бағалай білгенге не жетсін?!  Ол үшін тарихты әлсін-әлсін ойға оралтып отырсақ деймін.

Сонымен, менің айтпағым, қадірлі оқырман қауым! Тәуелсіздіктің  төл құрдасы «Жайық үні-Жизнь города» газетінің бүгінгі нөмірінен бастап, Сіздер Орал қаласында болған тарихи оқиғалармен қайта қауышып, кеңірек таныса  аласыздар! Ару Жайықтың жағасында  жарқ еткен жұлдызды сәттер Сіз бен Біздің көз алдымызға  елестеп, Тұғырлы Тәуелсіздігіміз, азат еліміз бейбіт өмір сүріп, бұдан да зор жарқын істерге жете берсін, игілігін халқымыз көре берсін!

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА

1992 жыл

1993 жыл

1994 жыл

1995 жыл

22-23 ақпан. АҚШ-тың ҚР-дағы елшісі Уильям Х.Кортни жұмыс сапарымен Орал қаласына келді. Облыс әкімі Қабиболла Жақыповпен болған кездесуде нарықтық реформаны тереңдетуде батысқазақстандық іскерлер тобының америкалық әріптестерімен өзара ынтымақтастық орнатуы туралы пікір алмасылды.

2 наурыз. Алматыда Үкімет үйінде «Аджип» (Италия), «Бритиш газ» (Ұлыбритания) мұнай компаниялары, «Гапром» акционерлік қоғамы (Ресей) және «Қазақгаз» холдингі Қарашығанақ кен орнын игеру жөнінде табысты бөлу және басқа да тиісті құжаттар туралы келісімге қол қойды. Өндірілген өнімнің 85 пайызы Қазақстан үлесіне тиеді, қалған 15 пайыз инвесторлар арасында бөлінеді. Жылына кен орнынан 25 миллиард текше метрге жуық газ және 13 миллион тонна мұнай өндіріледі деп болжануда. Бірлесіп игеру 40 жыл мерзімге есептелген. Біріккен концорциум қосымша кен орнының әлеуметтік даму саласына белсене қатысады, сонымен қатар мұнайхимиялық кешенді құруға және инфрақұрылымды сәйкестендіруге қаржы бөледі.

6 сәуір. Орынбор қаласында ұлы Абайдың 150 жылдығына арналған Қазақстан мәдениеті күндері өтті. Мереке Абайдың өмір жолы мен шығармашылығына арналған ғылымипрактикалық конференциямен басталды. Одан кейін қаланың мәдениет үйінде, көшелерінде өнер шеберлерінің концерттері, спорт кешендерінде жарыстар, жәрмеңке және ақындар айтысы өтті. Ақындар арасындағы сайыста жерлесіміз Шолпан Қыдырниязова жеңімпаз болып, тұлпар мініп қайтты.

16 тамыз. Орал қаласында ел Президенті Н.Назарбаев РФ Үкіметінің басшысы В.Черномырдинмен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту, Кеден одағын кеңейту, Қарашығанақ кен орнын игеру, тағы басқа мәселелер сөз болды. Кездесу аяқталысымен, Нұрсұлтан Назарбаев пен Виктор Черномырдин ресейлік және қазақстандық журналистердің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатына қатысты. Сол күні ҚР Премьер-министрінің орынбасары А.Есімов пен РФ Үкіметінің вице-премьері А.Заверюх ауыл шаруашылығы және өңдеу кәсіпорындары саласында өзара ынтымақтастық орнату жөнінде келісімшартқа қол қойды.

2 қыркүйек. Бір топ Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 73 пәтерлік тұрғын үйдің кілттері табыс етілді. 6-ықшамауданда берілген бұл үй тұрғындарына арнаулы медициналық қызметкерлер бекітілді. Сол сияқты басқа да коммуналдық қызмет салалары ардагерлерге қамқорлық жасайтын болады.

17 қазан. Облысқа Венгрияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Иожеф Торма жұмыс сапарымен келді. Оның жұмыс сапарының мақсаты — біздің облыспен жаңа экономикалық байланыс орнату және қазақ халқының тұрмыс-салтымен жақынырақ танысу. Елші филология ғылымдарының докторы болып табылатындықтан, ол халық шығармашылығын зерттеуге ерекше көңіл бөледі. Оның жұмыс жоспарында бірқатар аудандарды аралау, талантты суретші Сәкен Ғұмаровтың шығармашылығымен танысу шаралары бар.

Жалғасы бар.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
102 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
321 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
807 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1183 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1104 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1544 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2159 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2326 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2333 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2383 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2386 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2021 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2868 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2921 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2918 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3526 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3497 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3485 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3464 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3625 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3671 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»