ӘСКЕРИ КАФЕДРАНЫ ТӘМАМДАҒАН 90 КУРСАНТ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін Жәңгір хан атындағы БҚАТУ «Әскери кафедрасында» кезекті оқу курсын аяқтаған студенттердің «Әскери ант қабылдау» рәсімі өткізілді.

Жалпы биыл «Әскери кафедраны» 169 студент бітіруде. Соның алғашқы легі 90 курсант бүгін «Әскери ант» қабылдады.
– Пандемияға байланысты «Ант қабылдау» шарасын екі кезеңмен өткізудеміз. Әскери кафедрада оқығандар үш мамандық – артиллерия, байланыс, мотоатқыштар мамандықтарын алып шығады. Курсанттардың қатарында ер жігіттермен қатар қыздар да бар. Олар ветринариялық медицина мамандығында білім алғандар. Олар болашақта шекарада жұмыс істей алады. Кафедрада оқыған студент-курсанттарымыз болашақта негізгі мамандықтарымен жұмыс жасамайтын болса, құқық қорғау құрылымдарына қызметке тұра алады, – дейді университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов.
Әскери кафедра өңірде – Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да ғана. Кафедрада білім беру, дайындық жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Әскери кафедраны бітірушілер «запастағы лейтенант» атағын алып шығады. Әскери кафедраға БҚАТУ білім алушылары 1-курстан кейін қабылданады. Оқу мерзімі – екі жыл. Оқу соңында курсанттарға әскери билет беріледі.
Осы оқу жылынан бастап «Әскери кафедра» офицерлерді ғана емес, сержанттарды да даярлайтын болады. Яғни офицерлер – екі жыл, сержанттар – бір жыл оқитын болады. Сержанттар даярлайтын курсты тәмамдағандарға «запастағы кіші сержант» атағы беріледі. Бұл курстарға студенттер қабылдау басталып кетті. Биыл оқуға 307 студент қабылданады. Соның ішінде 169-ы – офицерлік курсқа, 141-і – сержанттық курсқа. Олар мемлекеттік грант есебінен және ақылы негізде оқитын болады.
Офицерлер алты мамандық бойынша, сержанттар жеті мамандық бойынша дайындалады.
Студенттерді «Әскери кафедраға» қабылдау барысында медициналық тексерістен, психологиялық тестілеуден, физикалық дайындық сынағынан өтеді.
«Әскери кафедра» курсанттарына әскери салада 10 жылдан кем емес уақыт қызмет еткен офицерлер білім береді.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу