8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Маусым 2021 1384 0
Қоғам

БҚО-ДА БИЫЛ ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА БАРҒАН 79 МАМАН ҮЙЛІ БОЛДЫ

«Дипломмен – ауылға» бағдарла­масының  жүзеге асқанына он жылдан аса уақыт өтті.  Осы жылдар ішінде аталмыш мемлекеттік бағдарлама жастарды жұмыспен және баспанамен қамтып  қоймай, ауылдық жерлердің экономикалық әлеуетін арттырып, маман тапшылығы мәселесін де шешуге себеп болуда. Бағдарламаның игілігін көргендердің басым бөлігі – педагогтар.

Бұл бағдарлама негізінен денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыз­дан­дыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен сияқты салалар бойынша жастарды жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған.  2009  жылдан бері аймақта барлығы  әлеуметтік сала мен агроөнеркәсіптік кешеннің 3797 маманы 11518,4  млн. теңге бюджеттік несие алыпты.  Талдауларға сүйенер болсақ, олардың дені мұғалім мамандығын меңгергендер. Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бөлім басшысы Райса Еркеғалиева жоба талаптары жыл сайын жаңартылып, жас­тарға қолайлы жағдай жасалып отырғанын айтады. Мәселен, 2021 жылы 396 маманға бюджеттік несие беру үшін республикалық бюджеттен 1733,0 млн. теңге қарастырылса, биылғы жылдың 1 мамырына дейін ауылға келген 79 маман мемлекеттік бағдарлама қатысушысы атанған. Сонымен қатар аудандардың мәліметтері бойынша жергілікті бюджеттен ауылға келген 694 маманға әлеуметтік қолдау көрсетуге 618,2 млн. теңге қаражат бөлінді, оның ішінде көтерме жәрдемақыға – 202, 8 млн.теңге.

– «Дипломмен  ауылға» мемлекеттік бағдарламасы 2009 жылдың бірінші қаңтарынан бері жүзеге асырылып келеді. Жоба шеңберінде ұсынылатын мемлекеттік  қолдау шаралары бір жолғы көтермеақы мен  тұрғын үй алу немесе салып алу үшін берілетін бюджеттік кредит болып табылады. Облыста баспана сатып алу үшін несиеге мұқтаж мамандар саны жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2010 жылдан бастап берілген несиелер саны 3,8 есеге өсті. Бағдарлама шеңберінде берілетін жобалардың мөлшерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 қаулысымен айқындалды. 100 АЕК мөлшерінде бір реттік көтеру жәрдемақысы – 2021 жылы 291 700 теңгені құрап отыр. Сонымен қатар  тұрғын үйді сатып алу немесе салу үшін 15 жылға дейінгі жылдық мөлшерлемесі 0,01 пайызбен 1500 АЕК (2021 жылы 4  375 500 теңге) мөлшерінде несие беріледі.  Жүзеге асырылатын әлеуметтік қолдау мемлекеттік қызмет болып табылады және оны аудандардың жергілікті атқарушы органдарының ауылдық аумақтарын дамыту саласындағы уәкілетті органдары ұсынады. Мемлекеттік қызмет «Ауылдық елдімекендерде жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» стандартына сәйкес көрсетіледі, – деді Райса Еркеғалиева.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №43 бұйрығымен  бағдарлама қағидаларына бірқатар өзгерістер енгізіліпті. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін оңтайландыру және электронды форматты енгізу мақсатында тұрақты комиссия алынып тасталған. Оған қоса өтінішті, құжаттарды тапрсыру  мен  мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелеріне қол жеткізу шарасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы арқылы немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады және ақпараттық жүйелерден алуға болатын электрондық анықтамалар жинау міндетті емес. Әлеуметтік қолдау шараларына ие болу үшін  бұрын берілген  несиелер атап айтқанда, соңғы 2 жыл ішіндегі кредиттердегі қарыздарының болмауы ескеріледі. Тұрғын үйді жақындарынан немесе туыстарынан сатып алуға болмайды. Оған қоса мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері қысқартылған. Көтермеақы  27 жұмыс күнінен 6 жұмыс күніне дейін төленеді. Бұрын үй сатып алуға  47 жұмыс күні аралығында несие берілсе, енгізілген өзгерістерге орай, он жұмыс күні ішінде есепшотқа қаражат түседі.

Сондай-ақ ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №72 бұйрығымен «Дипломмен – ауылға» жобасына  ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері қосылған.

Айнара ИСА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
82 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
148 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
382 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
864 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1242 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1144 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1601 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2217 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2382 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2389 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2440 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2445 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2059 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2924 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2978 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2972 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3585 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3553 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3544 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3520 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3680 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»