8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Мамыр 2021 1393 0
Жалын

ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСҚАН ОТАНДЫҚ ЖОО ТҮЛЕКТЕРІНІҢ АЛҒАШҚЫ ОРТАША ЕҢБЕКАҚЫСЫ 118 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН ЖОҒАРЫ

Отандық жоғары оқу орындары түлектерінің жұмысқа тұрған кездегі алғашқы орташа еңбекақысы 118 мың теңгеден асты. Бұл туралы Қазақстанның жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингін қорытындылауға орай өткізген баспасөз-конференциясында «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев айтты.

 «Атамекен» рейтингі республика бойынша түлектердің жұмысқа тұру деңгейі 71 пайызды құрайтынын көрсетті. Соның ішінде 58 пайызында тұрақты зейнетақы төлемдері бар, ал түлектердің орташа айлық еңбекақысы 118 893,76  теңгені құрады», – деп атап өтті  Олжас Ордабаев.

Спикердің айтуынша, Ұлттық палата және ҚР БҒМ рейтингті дайындаған кезде ата-аналар мен талапкерге ыңғайлы болуын көздеген. Рейтинг түлектің жұмысқа орналасу деңгейі, жұмысқа тұрған алғашқы жылындағы орташа еңбекақысы және білім сапасы сияқты параметрлерге сүйеніп жасалған. Сонда талапкерлер мен ата-аналар рейтингке қарап, елдің жоғары оқу орындарының ішінен ең жақсы оқу орнын таңдай алады.

2020 жылы еңбек нарығындағы жағдай күрделеніп, соның ішінде енді ғана диплом алған жас мамандар үшін де қиындау болды. «Атамекен» жүргізген талдау деректеріне сәйкес, түлектердің жұмысқа тұру деңгейі 50 пайыздан  (2729 адамның 1585-і жұмысқа тұрмаған) төмен 61 жоғары оқу орны анықталған.

«Алайда, карантин шаралары кезінде еңбекпен қамтуға талдау жүргізгенде мынадай нәтиже шықты: ІТ-саласындағы мамандық түлектерінің еңбекке тұруы 24 пайызға, сонымен қатар кеден ісі және қоғаммен байланыс мамандықтарындағы түлектердің жұмысқа тұру деңгейі 20 пайызға артқан», – деді Олжас Ордабаев.

Сондай-ақ ТЖ режимі кезінде түлектердің жұмысқа тұру деңгейі жеңіл өнеркәсібінде 13 пайызға, мал шаруашылығында 9 пайызға және туризм саласы, мейрамхана және қонақүй бизнесінде 4 пайызға төмендеген.

Екінші жыл қатарынан аграрлық бағыттағы түлектердің мамандығы бойынша жұмысқа тұру көрсеткіші төмендегені байқалады. Жолдама бойынша 1045 түлек бітіріп, соның 4 пайызы ғана мамандығына сәйкес жұмысқа орналасқан. Өткен жылы бұл көрсеткіш 11 пайызды құрады. Медициналық бағытта грант бойынша білім алған түлектермен салыстырып қарасақ, медицинаны бітіргендердің 83 пайызы мамандық бойынша жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Олжас Ордабаев әлеуетті жұмыс берушілерді рейтинг жасауға атсалысуға шақырды.

«Биыл біз сарапшылар базасын кеңейтіп, өңірлік ірі бизнес өкілдерін рейтинг жасауға қатысуын сұраймыз. Қазақстандық жоғары білім беруді дамытуға үлес қосуға шақырамыз және бізге еңбек нарығының бүгінгі нақты қажеттіліктері бойынша кері байланыс берсеңіздер дейміз. Ол үшін Палатаға жүгіну керек, жалпы қатысу механизмі қиын емес, бірақ сіз рейтинг жасауға қатыссаңыз, пайдасы көп болады», – деп атап өтті Олжас Ордабаев.

Еске салайық, ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен «Атамекен» ҚР ҰКП төртінші жыл қатарынан жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларының рейтингін жүргізіп келеді.  Рейтинг аясында  білім беру бағдарламаларының 68 тобы қамтылды, 2000 бағдарлама бағаланды, 68 000 түлектің маңсаптық перспективасы талданды. Зерттеуге 600 сарапшы қатысты,   нәтижесінде 108 жоғары оқу орны бойынша 6000 сараптамалық қорытынды алынды. Рейтинг 17 критерий бойынша жүргізілді, оның ішінде: жұмысқа орналасқан түлектердің пайызы және олардың орташа жалақысы, бітіргеннен кейін жұмыс іздеу ұзақтығы, сондай-ақ бағдарламалардың өзектілігін бағалау бар.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
80 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
296 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
784 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1160 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1085 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1520 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2136 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2303 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2309 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2358 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2362 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2001 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2844 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2897 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2894 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3502 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3473 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3461 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3440 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3601 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3647 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»