140 БАЛДЫҚ СЕРТИФИКАТҚА ИЕ БОЛҒАН БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕКІ ТҮЛЕК ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОО-НЫ ТАҢДАДЫ
Орал қаласындағы Дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп интернатының екі түлегі ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 140 балдық көрсеткішпен сертификат иеленбек. Бұл туралы БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі мәлім етті.
Былтырғы ҰБТ тапсырудағы басты жаңалық – SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған тесттерінің балын Ұлттық бірыңғай тестілеу балына ауыстыру шкаласы енгізілген болатын. Егер түлек SAT reasoning және SAT subject сертификаттарын ҰБТ тапсыру пунктінде тапсырған болса, сол сертификаттары ҰБТ балы ретінде көрсетіледі. Түлектер ҰБТ-дан босатылып, грант беру конкурсына қатыса алады.
№11 мектептің түлектері Гүлшат Бекқалиева мен Әйгерім Қонар халықаралық стандартталған тест тапсырып, ең жоғары ұпай жинаған. 650 балдан жоғары жинаған түлектерге ҰБТ-ның ең жоғары 140 балы берілді. Енді олар осы сертификатпен грант беру конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие болып отыр.
Мектеп бітіруші екі түлек те Назарбаев университетінің «FOUNDATION» бағдарламасы бойынша грант иегері, білім ұясының мақтаныштары.
Айгерім Қонар «Үздік аттестатқа», Гүлшат Бекқалиева «Алтын белгіге» үміткер.
Айгерім Қонар Болашақта IT, робототехника саласында қызмет жасағысы келеді. Ал Гүлшат Бекқалиева болса, 7 сыныптан бері физика-математика бағытында білім алып, өзінің сүйікті пәні физика және математика пәндеріне байланысты инженерия саласын таңдап отыр. Осы мамандық бойынша ол Назарбаев Университетінде “Құрылыс және экологиялық инженерия” факультетінде білім алғысы келеді.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу