COVID-19: БҚО-ДА 59 СЫНЫП КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛДЫ
БҚО-да 1 мамырдан бері COVID-19 инфекциясының 1551 жағдайы анықталды. Олардың басым бөлігі ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген адамдарда және науқастармен қарым-қатыста болғандардан анықталған. Бұл туралы БҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігері М.Арыспаев айтып берді.
1 мамырдан бастап зертханаларда 29 465 ПТР тест зерттеулері өткізілді, орта есеппен күніне 2266 тест зерттелуде. Нәтижесінде ЖРВИ беліглерімен шағымданып, тексеруден өткен 872 адамда (56,2%), жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 508 адамда (32,7%), профилактикалық мақсатта тексерілген 156 адамда (10%) және вахталық ауысымнан шығарда не кірерде, шетелге шығар алдында, стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 15 адамда (0,9%) инфекция анықталды.
Барлық анықталған жағдайларда инфекцияның таралуына үйде бұрын ауырған жағдайлармен байланыс, адамдар көп жиналатын орындарға бару (сауда үйлері, базарлар, медициналық ұйымдар, қоғамдық тамақтану орындары), қоғамдық көліктер, шараларға қатысу (еске алу кештері, үйлену тойы, мерейтойлар), карантин ережелерін сақтамауы байланысты жұмыс орнындағы әріптестер – 1,7% (27) себеп болған.
БҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің сөзінше, өткен тәулік ішінде 13 мамыр күні коронавирустық инфекциямен 123 жағдай тіркелді.
Бұл жағдайлар ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 71 адамда (57,7%), жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 36 адамда (29,2%), стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 2 адамда (1,6%) және профилактикалық мақсатта тексерілген 14 адамда (11,3%) анықталды.
– Оқу жылы басталғалы COVID-19 мектепте дәстүрлі форматта оқитын 577 оқушыда, қашықтан оқитын 502 оқушыда, барлығы 1079 оқушыда анықталды. Ал 4 тоқсанда (1 сәуірден бастап) оқушылар арасында COVID-19 446 оқушыда анықталды. Олардың 235-і – дәстүрлі форматта, 211-і – қашықтан оқитындар, – деді Мұхамғали Арыспаев.
Сонымен қатар, соңғы тоқсанда мұғалімдер арасында COVID-19 219 жағдай анықталған. Олардың 207-сі – дәстүрлі форматта, 12-сі – қашықтан білім беретіндер. Бүгінгі күні қала және аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулысымен 30 мектептегі 59 сынып, 5 мектеп, 9 мектепке дейінгі мекемедегі 9 топ, 1 мектепке дейінгі мекеме, 1 ЖОО-да 1 топ карантинге жабылды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу