ӨГЕЙ ӘКЕНІҢ ІСІ СОТТА ҚАРАЛУДА
Оралда 13 жастағы өгей қызын зорлады деп айыпталған қала тұрғынының соты басталды. Батыс Қазақстан облыстық соты хабарлағандай, іс Қылмыстық Кодекстің екі бабы бойынша қозғалды. Жәбірленуші тарап қатал жаза талап етіп отыр.

Жәбірленуші күйеуінің үнемі өзіне қол жұмсағанын айтады. Кезекті ұрыс-керіс шегіне жеткенде, үлкен қызы өгей әкесінің өзіне жасаған озбырлығын, жылап отырып жеткізіпті. Мұндай сұмдықты бей-жай қалдыра алмағанын, «сондықтан бірден полицияға жүгіндім» деп отыр.
– Қызым бұл сұмдықтан әлі есін жияр емес. Қазір емделіп жатыр, психологтар оның қайта қалпына келуі, әлі 4-5 жылға созылатынын айтады. Ал «мұндай ауыр жан жарасы өмір бойына қалады» дейді. Шынымды айтсам, күйеуімнен қатты қорқамын. Қазір қыздарымның тағдыры қыл үстінде тұр. Сондықтан сот әділ жазасын береді деп үміттенемін,- дейді жәбірленушінің анасы.
Айыпталушы тарап болса, тағылған айыппен келіспейді. Бірақ сұхбат беруден бас тартты. Ал адвокаты Мереке Ғабдуалиев бұл істің нүктесін сот қоятынын айтты.
– Сотта өзіме белгілі болған ақпаратты айтпауға міндеттеліп, қол қойдым. Конституцияға сәйкес, кінәсі дәлелденіп, сот үкімі шықпайынша, ешкімді кінәлауға болмайды. Сондықтан, сот істі әділ қарайды деп сенеміз, – деді айыпталушының қорғаушысы Мереке Ғабдуалиев.
Қазір бұл іс сотта жабық жағдайда қаралып жатыр. Айыпталушы – өгей әке. Оның үстінен жасөспірімге азғындық әрекет жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалған.
– Айыпталушы ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі, 124-бабының 2-бөлігімен, яғни сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық және жас баланы азғындық жолға түсіру деген бап бойынша сотқа берілді, – деді БҚО соты баспасөз қызметінің басшысы Нұргүл Қанатбаева.
Ажырасуға арыз берген ерлі-зайыптылар қазір арадағы дүние-мүлікті де өзара бөліске салыпты. Ал айыпталушының жасөспірімге зәбір көрсеткені дәлелденсе, заң бойынша 7 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Айнара ИСА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді

Кіру
Пікір үстеу