8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Наурыз 2021 1227 0
Қоғам

БҚО-ДА КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ 16 СӘУІРГЕ ДЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ

Бұл туралы бүгін, 29 наурыз күні БҚО әкімі Ғали Есқалиевтың төрағалығымен өткен коронавирустық таралуының алдын алу жөніндегі  облыстық жедел штаб отырысында ұсынылды.

БҚО-да коронавирус инфекциясы бойынша  аурушаңдық наурыз айында көбейді. 1 наурыздан бері  1868 оқиға тіркелген. Аурушаңдық жыл басынан 20 пайызға дейін артып, облыс 20 наурыздан бастап коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа  енді.  Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаевтың мәлімдеуінше, аурушаңдықтың көбеюінің негізгі себептері – ақпан, наурыз айларында карантиндік шектеу шараларының жеңілдетіліп, тұрғындардың маскасыз жүруі, той-туған күндерді ұйымдастыру және наурыз айларында көпшіліктің  жиналуымен мейрамдардың тойлануы.

– Осындай жайбарақаттылық аурудың тіркелу жағдайының артуына алып келді. 20 наруыздан бастап карантиндік шектеулер қатаңдатылды. Бұл –аурудың өсу бағытын төмендету мақсатында қабылданған шара. Осы карантиндік шектеулерді  16 сәуірге дейін ұзартуды ұсынамын. 27 наурыздан бастап, соңғы үш күнде аурушаңдық күрт көбейді. Ауруханаларға емге жатқызылған науқастардың саны да артты. Қазіргі инфекциялық кереуеттер саны 596 болса, соның 355-інде коронавирус инфекциясымен ауырғандар ем алуда. Қазіргі аурушаңдықтың тіркелуін көбейіп тұрғанын ескеріп және 14 күндік инкубациялық кезеңмен есептегенде әлі де өсу бағыты байқалуы мүмкін, – дейді М.Арыспаев.

Инфекцияны жұқтыру негізінен үй жағдайында карантиндік шектеулерді сақтамау салдарынан көбеюде. Сондай-ақ емхана, сауда үйлері сынды адамдардың көп баратын жерлерінде инфекцияның жұғуы тіркеліп отыр. Қоғамдық көлікте жүру кезінде, салтанатты жиындарға барғанда жұқтырған науқастар да көп. Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері карантиндік талаптардың  сақталуын қадағалайтын мониторингтік топтардың жұмысы оң нәтиже бермей отырғанын атап өтті. Мәселен, өңірде 168  мониторингтік топ құрылған. Олар осы наурыз айында бетпердесіз жүргендерге қатысты 10 хаттама ғана толтырған. Жасырын той, туған күн ұйымдастырылып келеді, әйтсе де ресми түрде екі-ақ дерек, кафе-мейрамханаларда өткен көпшілік шаралар бойынша  4 факті тіркелген.

Жедел штаб отырысын қорытындылаған облыс басшысы Ғали Нәжімеденұлы ең басты мақсат – тұрғындардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі екенін атап, осы міндетті атқаруда барлық күш-жігер жұмсалатыны өтті. Сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай жақсармаса, қатаңдатылған карантиндік шектеулер қабылдауды тапсырды.

 

Эльмира НҰҒМАНОВА

zhaikuni.kz 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
28 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
122 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
344 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
831 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1209 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1121 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1568 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2183 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2350 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2356 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2408 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2410 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2038 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2891 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2945 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2940 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3551 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3522 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3510 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3487 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3648 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»