ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА «АДАЛ БОЛ» ЧЕЛЛЕНДЖ-БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Өскелең ұрпақтың азаматтық белсенді ұстанымын, еліміздің дамуына жауапкершілік сезімін және сыбайлас жемқорлықты қабылдамауы мен оған төзбеушілігін қалыптастыру мақсатында 15-26 ақпан аралығында облыстық «Адал бол!» челленджі өткізілді.

Челлендж-байқауға 12 ауданнан және Орал қаласындағы №13, №33, №50 мектептерінен, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернатынан, облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығынан жалпы 45 жұмыс ұсынылды.
Облыстық жарыстың қорытындысы бойынша «Жақсы іс» номинациясы бойынша облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының тәрбиеленушісі Карина Тілегенованың «Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында» бейнеүзігі І орынға лайық деп танылды. Шыңғырлау ауданы балалардың мектептен тыс жұмыс орталығының тәрбиеленушісі Арлан Құдайбергеннің ағаларымен бірге қайырымдылық жасауда үлгі көрсеткен жұмысы – екінші орынға ие болды. Ал ІІІ орын Тасқала ауданы балалардың мектептен тыс жұмыс орталығының тәрбиеленушілері Салтанат Мұқашева, Нұрсезім Нұрым, Нұргүл Таңғатарова дайындаған бейнемысалға берілді.
«Адал жан» номинациясы бойынша І орынды облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының тәрбиеленушісі Батырхан Досқалиев, ІІ орынды Орал қаласы №33 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Аружан Тыныштық, ІІІ орынды Бөкей ордасы ауданы Ш.Жексенбаев атындағы орта мектептің оқушысы Айдар Жарылқап алды.
Байқау жеңімпаздары білім басқармасының грамоталарымен марапатталды.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу