БҚО-ДА ШОҚЫНУ МЕРЕКЕСІНЕ 31 ШОМЫЛУ ОРНЫ ДАЙЫНДАЛАДЫ
Бүгін, 15 қаңтар күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО ТЖД өкілдері шоқыну мерекесі қарсаңында жүргізілген дайындық шаралары туралы хабарлап, оған қоса су айдындарында шомылу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары туралы түсіндірді.

Бүгінгі таңда облыста шомылуға арналған 31 орын анықталды, оның 14-іоблыс орталығы аумағында. БҚО ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Бақытжан Исанов облыстың су айдындарындағы мұздың қалыңдығы әркелкі болуына байланысты Батыс Қазақстан облысының ТЖ Департаменті жергілікті епархияға суға түсуге арналған орындарды жабдықтау туралы ұсыныс бергенін айтты. Атап айтқанда тұтқалар, ағаш баспалдақ орнатумен биіктігі кемінде 20 сантиметр бруствер, сондай-ақ жағалауда немесе жағалауға жақын жерде киім ауыстыруға арналған орындарды ұйымдастыру.
Суға шомылу орындарында кезекшілік ұйымдастырылады. Яғни, суға шомылу орындарының бәрінде құтқарушылар болады. Бұл ретте БҚО ТЖД-дан 78 қызметкер мен 10 бірлік техника кезекшілік етпек. Департамент Полиция департаменті және денсаулық сақтау басқармасымен шомылу орындарында бірлесіп қызмет атқару туралы мәселе пысықтады. Барлық іс-шаралар азаматтар арасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі карантиндік іс-шаралардың сақталуын қатаң қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.
БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары әрі жедел-құтқару жасағы басшысы-құтқарушы Асқар Қылышев су айдындарында жүріс-тұрыс қауіпсіздік ережесін сақтау қажеттігін ескертті.
– Суық суда ұзақ уақыт болғанда ағзаның аса тоңазуына әкеліп соқтырады. Ол сіңір тартылуға, естен тануға әкелуі мүмкін. Мас болған жағдайда суға шомылуға тыйым салынады. Су айдынында суға шомылғаннан кейін әбден құрғағанша сүртіну және жылы киім кию керек. Суға түскен кезде бір тамшы болсын спирттік ішімдік ішпеңіздер. Шомылғанға дейін және одан кейін де мас болмау қажет, – деп ескертті құтқарушы.
Сондай-ақ спикер суға шомылу алдында денені салқынға біртендеп дайындау қажетігін айтты. Ол үшін алдымен сырт киімді, бірнеше минуттан соң аяқ киімді, одан кейін белге дейін шешіну керек. Шомылудың алдында денені кез-келген майлы креммен немесе зәйтүн майымен ысқылаған жөн. Суда 1-2 минуттан артық болмаған дұрыс. Жағаға шыққаннан кейін құрғақ орамалмен сүртініп, жылы жерге барып, ыстық шай ішу керек.
Төтеншелік мамандар шомылуға жабдықталмаған жерлерде суға түсуға қатаң түрде болмайтынын атап өтті. Құтқарушылар мен медициналық қызметкерлержоқ жерде суға түсуге болмайды. Балаларды ата-аналардың немесе ересектердің қарауынсыз суға түсіруге болмайды. Суға мұздан секіру және ойыққа баспен секіру қауіпті. Жалғыз және алкогольден мас болған жағдайда суға бармау керек. Ойықты ластауға, иттер мен басқа жануарларды әкелуге тыйым салынады. Ойыққа автокөлікпен жақындауға болмайды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу