8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қараша 2020 2073 0
Дені сау ұлт

50 ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ САТЫП АЛЫНДЫ

БҚО-ға республикалық бюджет қаражаты есебінен 35 өкпені жасанды желдету аппараты, жалпы сипаттағы трансферттер есебінен және жергілікті бюджет есебінен 15 өкпені жасанды желдету аппараты сатып алынды. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Г.Әбдрахманова мәлім етті. 

Жалпы облыс бойынша медициналық ұйымдар 195 ӨЖЖ аппараты, 645 оттегі концентраторы, 1063 пульсоксиметр, 198 оттегі көздері, 425 Бобров аппаратымен қамтамасыз етілген.

– Аудандық ауруханалар үшін 7 цифрлық рентген аппараты сатып алынды, оның ішінде 5-еуі Бәйтерек аудандық ауруханасына, Қаратөбе аудандық ауруханасына, Шыңғырлау аудандық ауруханасына, Бөрлі аудандық ауруханасына және Бәйтерек ауданының екінші ауруханасына  ковидті пневмонияны диагностикалау үшін жеткізілді. Облыстық жедел жәрдем станциясы мен аудандық бөлімшелердің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша нақты жұмыстар жүргізілді. 37 реанимобиль сатып алынып, қазір жедел жәрдем қызметіне 100  автокөлік жұмылдырылды. Тәулігіне 650-ге жуық шақыруларға қызмет көрсетіледі,  – деді Гүнлара Мақсотқызы.

Қазіргі уақытт 185 төсек-орынға арналған 4 карантиндік стационарда 46 науқас жатыр. 359 төсек-орындық 7 инфекциялық стационарда 126 адам емделуде. Олардың ішінде 39 реанимациялық төсек-орында 10 науқас ем алуда. Қосымша 2018 төсек-орындық резервтік қор дайындалған. Оның ішінде 1243 төсек-орын инфекциялық стационарларда, 775 төсек орын карантиндік стационарларда.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
85 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
126 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
400 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
419 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
394 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
439 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»