8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Қазан 2020 1327 0
Қоғам

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОС ҰСТАЗ 1000 АЕК КӨЛЕМІНДЕ СЫЙАҚЫ АЛДЫ

Бүгін «Ұстаздар күні» мерекесіне орай Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған республикалық «Үздік педагог» байқауы жеңімпаздарының салтанатты марапаттау рәсімі барлық өңірлерде бір уақытта бейнеконференция байланысы арқылы өткізілді. Бұл туралы БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі хабарлады. 

«Үздік педагог» байқауының республикалық кезеңіне Батыс Қазақстан облысынан мектепке дейінгі, жалпы білім беру және кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарының жеті педагогы жолдама алған болатын.
Шара барысында Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов  педагогтарды төл мерекесімен құттықтап,  «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздарды марапаттады.
Байқаудың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысында 2 педагог жеңімпаз атанды. Олар –
жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінің тарих және құқық пәнінің мұғалімі Гулдана Нұғманова және облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының қосымша білім беру педагогы Мирболат Құспанов.


Жеңімпаздарға «Білім беру ұйымының үздік педагогы – 2020» төс белгісі, куәлік, сондай-ақ 1000 АЕК (2 778 000 теңге) сыйақы сертификатын облыс әкімінің орынбасары С.Егізбаев табыстады.

Айта кетейік, «Үздік педагог» республикалық конкурсы педагогтердің қоғамдағы мәртебесін және беделін арттыру, үздік мұғалімдердің озық педагогикалық іс-тәжірибесін тарату мақсатында 2012 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
147 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
389 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»