8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Қыркүйек 2020 2286 0
Қоғам

ЖАҢАРҒАН КІТАПХАНА

«Қала күні» мерекесі аясында бүгін, 26 қыркүйек күні Оралда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің күрделі жөндеуден өткен №6 кітапхана-филиалы ашылды. Бұл шараға  қала әкімі Абат Абайұлы,  ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Жұбан Молдағалиев пен ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлидің мерейтойына орай осы күні өңірге келген кино және театр актері, режиссер, Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімов, Қазақстан Жазушылар одағының Төрағасы Ұлықбек Есдәулет, жазушы-журналист Мереке Құлкенов, Жұбан Молдағалиевтің жары – Софья Молдағалиева отбасымен, Қадыр Мырзалиевтің жары – Салтанат Мырзалиева және өңірдегі мәдениет саласы өкілдері қатысты.

Жаңа рухани қазына орталығының ашылуымен құттықтаған ҚР Жазушылар одағы Төрағасының орынбасары, жазушы-журналист Мереке Құлкенов Жұбан ағаның 100 жылдығы мен Қадыр ағаның 85 жылдық мерейтойында кітапхананың ашылуының маңыздылығын атап өтті және оқырмандарының көп болуын тіледі.

– Қазір кітап көп, жақсы, ойлы кітаптар баршылық. Бірақ, оқырман азайып барады. Сондықтан осы кітапхана кітапсүйер жандардың қатарын көбейтуге  қызмет етсе екен деген тілегім бар,  – деді Мереке Әбдешұлы.

Кітапхана ісінің шебері, мәдениет саласының ардагері Роза Исатаева ақылдың кені болып табылар кітапханаларға көңіл бөлу  – халықтың руханиятына көрсетілген қамқорлық екенін атады.

– Өмірдің  өзі кітаптың рухани байлық екенін дәлелдеді. Әр адамға рухы мықты болуы үшін әдебиет керек. Ол – кітапханада. Оқырмандар осы жаңартылған кітапханада жаңа әдебиеттермен қауышып, өз білімі мен мәдениетін көтеру үшін күш-қуат жинайды деп сенемін, – деді Роза Жақияқызы.

Жаңғырған кітапхананың лентасын қию құрметі қадірлі қонақтар Софья Молдағалиева мен Салтанат Мырзалиеваға ұсынылды. Кітапханаға енген меймандарға Жұбан Молдағалиевке және Қадыр Мырза Әлиге арналған кітап көрмелері және  кітапхананың жұмыс барысы таныстырылды.

Айта кетейік, Рухани қазына орталығын жаңғыртуға қазынадан 46  млн. теңге бөлінген. «Қазақстан Гига Трейд» ЖШС үш ай  бойы ғимаратқа толықтай күрделі жөндеу жүргізіп, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етті. Осылайша, Орда көшесі, 4 мекенжайындағы кітапхана пайдаланушыға ыңғайлы, қолжетімді, көпфункционалды ақпараттық интеллект орталығы ретінде қайта жаңарып отыр. Кітапхана-филиалының меңгерушісі И.Ілиясованың айтуынша, мұнда оқырмандарға кітапхана саласы бойынша электрондық ресурстардың жаңа формалары ұсынылады.

Бұл кітапхананың ерекшелігі – web-rabis бағдарламасы бойынша қызмет көрсетілмек. Яғни оқырмандарға бұрынғыдай формуляр жүргізілмейді. Кітапханадағы кітаптар штрих-код арқылы осы базаға енгізілуде. Оқырмандардың деректері де электрондық базаға енгізіліп, оқырман билеті  берілмек. Сол билеттегі штрих-кодты сканерлеу арқылы олардың деректері жүйеге сақталады. Бұл кітапхана қорындағы кітаптың қай уақытта кімнің алғанын көруге мүмкіндік береді.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
326 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
427 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
670 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
938 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1162 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1201 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1354 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1547 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1779 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1866 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1978 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1983 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
2016 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
2016 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2123 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2345 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»