ОРАЛДА АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ҚАШАН ШЕШІЛЕДІ?
Қазіргі уақытта Орал қаласында ауыз су кестеге сәйкес берілуде. Осы орайда тұтынушылар тарапынан наразылықтар да көбейіп отыр. Бүгін Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков фейсбуктағы парақшасында суды кестеге сай берілуінің себебін түсіндіріп, тұрғындарды қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауға шақырды.

«Өздеріңізге жеткізгендей, соңғы күндері қала бойынша ауыз су беру белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Оның басты себебі жазғы мезгілде ауыз су тұтыну мөлшері өсуіне және қалалық кәріздік желідегі қайта құру жұмыстарына байланысты болып отыр. «Батыс Су Арнасы» мекемесі арқылы қалаға мамыр айында орташа тәуліктік су беру көлемі 49 500 текше метр болса, қазіргі уақытта 55 000 текше метрге жетіп отыр. Екіншіден, апатты жағдайдағы Шолохов көшесіндегі айналмалы кәріздік коллекторды ауыстыруға байланысты қаланың солтүстік шығыс аумағы, жаңа шағын аудандар, орталық аумақтағы барлық кәріздік ағындардың 70 проценті Неусыпов көшесіндегі КНС 1 және КНС 2 бекеттері арқылы өткізілуде. Сәйкесінше осыншама жүктемеге бұл желі шыдамай апатты жағдайға әкелді. Сондықтанда осындай шектеу шараларын алуға тура келді. Сонда да көп қабатты тұрғын үйлерде кесте бойынша су бергенде су жетпеу орын алуда. Осындай кезеңде тұрғындар тарапынан уақытша қолайсыздықтар үшін орынды реніштер болып жатыр, бірақ баршаңызға қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауға шақырамын. Біздің тарапымыздан ауыз суды беруді толықтай қалпына келтіргенше барлық мүмкіндік болатын шаралар қабылданады» деп жазды Абат Шыныбеков.
Сондай-ақ шаһар басшысы бүгіннен бастап қосымша шаралар енгізілгенін мәлім етті. Атап айтқанда, «Жайықжылуқуат» АҚ-ның бір жылыту қазандағының жұмысын шектеу қойылып, ыссы су температурасы төмендетілді. Екіншіден, қазандықты салқындатудан шыққан 200 куб су қосымша Батыс Су Арнасына бағытталып, 1600 текше метр су сағатына тазарту қондырғыларына жіберілуде. Үшіншіден жеке секторларға, атап айтқанда қаланың Солтүстік-Шығыс ауданы (ескі аэропорт), қаланың іргесіндегі саяжай алқаптары, Зачаганск, Мичурин, Асан ауылдарындағы аз қабатты жеке тұрғын үйлерге су беру шектеліп, кесте бойынша берілетін болады.
Сонымен қатар қала әкімі коллекторларды жөндеу жұмыстары жалғаса беретінін жеткізді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу