8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Мамыр 2020 1449 0
Қоғам

АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС КҮНІ 2038 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

4 мамыр 2020 жылы Қарағанды, Ақтау және Орал қалаларында бірнеше халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын қайта жандандырып, жаңа форматта қызмет көрсете бастады. Алғашқы жұмыс күні осы ХҚО-ларда 2038 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың 70%-дан астамы алдын ала брондау арқылы қамтамасыз етілген. Қалғандары сол жерде бронь жасаған немесе операторлардың босауын күткен.  

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коронавирус пандемиясы қауіпінің сақталуына байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа форматын ұсынды, оған сәйкес азаматтар ХҚО-дан тек «қағаз жүзіндегі» қызметтер мен онлайн түрде рәсімделген қызметтердің нәтижелерін ала алады.

Бұл ретте қызметтерді тек алдын ала жасалған брондау арқылы алуға болады. Халыққа қызмет көрсету орталығына кезек уақытын egov.kz порталы  немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы белгілеуге болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, кезекке тапсырыс беру – ең алдымен қызмет алушы үшін өте ыңғайлы. Ол ХҚО-ға бірден қызмет алу үшін немесе құжатын алып кету үшін ғана барады.  «Бірінші күні біз кезекке тапсырыс бермеген клиенттердің өзінен жағымды пікір естідік. Олар қызметтерді тез алуға болатындығын көріп, келесі жолы тек брондау арқылы келуге уәде берді», – деп толықтырды Балташева.

«Орал қаласында жаңа форматтағы ХҚО ашылған күні 100-ден аса азаматтар  ҚР жеке куәлік пен ҚР төлқұжатына рәсімделді. Сонымен қатар 200-ге жуық қызмет алушы әлеуметтік қамсыздандыру және жылжымайтын мүлік тіркеу бағытындағы қағаз жүзіндегі қызмет түрлерін алды. Тұрғындардан маскалық  режимді ұмытпай сақтауларыңызды сұраймын», – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы БҚО филиал директоры Марат Бассаров.

Естеріңізге сала кетейік, 4 мамырдан бастап төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі штабтардың шешімімен бірқатар аймақта халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды.

Атап айтқанда, Қарағанды, Ақтау және Орал қалаларында жеке тұлғаларға қызмет көрсету үшін алдын ала брондау арқылы ХҚО-лар ашылды, ал Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында ХҚО-лар  шағын және орта бизнеске қызмет көрсету үшін ашылды.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
42 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
91 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
378 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
397 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
373 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
416 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»