8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Сәуір 2020 1349 0
Қоғам

«CТУДЕНТТЕРДІҢ ҮЙДЕ БОЛУЫН ҚАДАҒАЛАП, АТА-АНАЛАРМЕН ТҰРАҚТЫ БАЙЛАНЫСТАМЫЗ»

2020 жылы коронавирус індеті жер әлемді әуре-сарсаңға салды. Жаһан жаңа белеске аяқ басқан шақта індет көптеген халықтың өз құндылықтарын қайта қарауына, ой елегінен өткізуге себеп болды. Бүгінде дүниежүзін жайлаған індетке қарсы тұру үшін әлем бірігіп әрекет етуде.


​Мемлекет мерейі – мығымдығында. Біз қазақ халқы – қай заманда да қайсар рух пен өрліктің туын жоғары ұстаған халықпыз. Ал бүгінгі төтенше жағдайда татулық таразысының теңселмеуі, ең алдымен халықтың сабырлығы мен төзімділігіне байланысты болмақ. Ешқандай да араңдатушылыққа бой алдырмай, тәртіп пен қатаң ережені сақтай отырып, бір-бірімізге барынша қолғабыс ету арқылы бұл індетті жеңбекпіз.
​Біз ендеше бірге бола отырып, алдымыздағы қиындықтарды бірлесе жеңуіміз қажет. Қауіпті індетпен күрескен әлем елдері бірігіп, бар күш-қуаты мен ғылым-білімдерін паш етуде. Біз де кемел келешек жолында еліміздің дамуына үлес қосу үшін жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу, оларға дұрыс жол сілтеу біздің міндетіміз. Орал ақпараттық технологиялар колледжінде педагогтар мен білім алушыларға қашықтықтан білім беру кезіндегі барлық мүмкіншіліктер жасалуда. Біздің педагогтар WhatsApp, Telegram әлеуметтік желілер мен Google Classroom платформасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бейне сабақтар, презентациялар мен тапсырмалар арқылы білім беруде. Студенттердің үйде болуын бақылауда ұстап, үнемі ата-аналарымен тығыз байланыстамыз. Оқытушыларымыз ерекше қажеттілікті талап ететін білім алушыларымызға да арнайы жұмыстарды жүйелі жүргізуде.
​Бірлескен жұмыс қана осындай кезеңде тығырықтан жол тауып шығары ақиқат.

Нурлан СҰЛТАНОВ, Орал ақпараттық технологиялар колледжінің директоры

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
74 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
112 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
392 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
411 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
386 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»