8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Сәуір 2020 1200 0
Өзек

БҚО-ДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР 90-НАН АСТЫ

Бүгін Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған алты адам тіркелді. 

Бесеуі Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс істейтін азаматтар. Олардың үшеуі -Батыс Қазақстан облысының, ал екеуі-Түркістан облысының тұрғындары.

Бұл азаматтар Ресей Федерациясымен шекарадағы «Тасқала» автоөткелінен өткенде санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия және сауалнама жүргізу кезінде олардың денсаулыққа шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды.

Сонымен қатар, коронавирус инфекциясы анықталған алтыншы адам 54 жастағы азамат — Орал қаласының тұрғыны. Ол өзіне дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 6 адамда да COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Барлығы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.

24 сәуір күнгі жағдай бойынша облыста COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 92 адамға жетіп отыр.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
49 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
92 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
379 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
398 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
374 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
417 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»