БҚО-ДА 40 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰТЫНУШЫҒА КОММУНАЛДЫҚ ШЫҒЫНДАРЫ ҮШІН 15 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
Бұл туралы бүгін Aqjaiyq телеарнасындағы тікелей эфирде БҚО әкімі Ғали Есқалиев мәлім етті.

Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше жағдай мен карантин уақытында тұрғындардың коммуналдық қызметке төлейтін ақысының мөлшерін азайту бойынша жүйелі шаралар әзірлеу туралы тапсырмасын орындау аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі коммуналдық қызмет жеткізушілерімен келісімшарты бар тұтынушылар үшін коммуналдық қызмет төлеуді қарастыратын тетік әзірлеген болатын. Осылайша, карантин енгізілген өңірлерде әкімдіктер тұтынушылардың дербес (абоненттік) шоттарына 2 ай бойы ай сайын 15 мың теңгеден жіберілетіні туралы шешім қабылданды.
БҚО әкімінің мәліметінше, мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде белгіленген жеті санатқа енетін 39-40 мыңдай батысқазақстандық үшін коммуналдық төлемдеріне 15 мың теңгеден төленбек.
– Әзірге өтінім беру үшін уақыт бар. Коммуналдық шығындар үшін төлем сәуір айының соңында жүргізіледі. Бұл төлем азаматтардың есепшоттарына жіберілмейді. Айдың қорытындысы бойынша шығарылған түбіртекке сай, коммуналдық қызметтерді қамтамасыз ететін мекемелерге аударылады. Ал тұтынушылардың өздеріне 15 мың теңге кемітілген түбіртек жіберіледі, – деді Ғали Нәжімеденұлы.
Айта кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай коммуналдық төлемді 1, 2, 3 топ мүгедектері, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары, төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер ала алады.
Төлемді алу үшін тұтынушы жеке сәйкестіндіру нөмірін, әлеуметтік дәрежесін және дербес шот деректерін көрсете отырып, әкімдікке өтінім беруі керек. Әкімдік ұсынылған деректерді тексереді, мәліметтер рас болған жағдайда коммуналдық қызметтер тұтынушысының дербес (абоненттік) шотына қаржы аударады. Өтінімді 15000@uralsk.kz немесе 109 Call-орталығы, 500-255, 8 771 068 58 53, 8771068 58 63 телефон нөмірлеріне хабарласу арқылы қалдыруға болады.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

Кіру
Пікір үстеу