ОРАЛДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС САЯБАҒЫ СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУҒА БЕРІЛЕДІ
Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте айтылды.

Қалалық мәдениет және демалыс саябағы еліміздегі ең көне саябақтардың бірі және тарихи маңызы бар нысандар қатарына жатады. Саябақтың жалпы аумағы 23,9 гектарды құрайды. Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағының негізгі қызметі – мәдениет саласында өндірістік-шаруашылық қызметтерді жүзеге асыру, жасыл алқаптарды пайдалану арқылы халықтың көпшілік мәдени демалысын және тұрғындардың түрлі топтары үшін ойын-сауықтар мен сан-алуан мәдени-көпшілік шараларын өткізу. Кәсіпорынның меншік иесі – Орал қаласының әкімдігі, тиісті саланың уәкілетті органы Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.
– Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» заңына сәйкес Орал қаласы әкімдігіне қарасты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық мәдениет және демалыс саябағы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны сенімгерлік басқаруға сатып алу құқығынсыз, 10 жыл мерзімге беріледі. Саябақты сенімгерлік басқаруға берудің негізгі шарты – «Қалалық мәдениет және демалыс саябағын» шаруашылық жүргізу құқығымен сенімгерлік басқарудың келісімшаттағы қолданылу мерзімі ішінде мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның қызмет профилін сақтау болып табылады. ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» заңына сәйкес, сенімгерлік басқарушы басқаруға берілген мүлікті өз атынан мемлекеттің мүддесі үшін пайдалануға міндеттеледі, – деді Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайырлиев.
Мәдениет және демалыс саябағы толықтай шаруашылық есебінен қызмет атқарады. Соңғы тоғыз жылда саябақты күтуге бюджеттен қаражат бөлінбеген. Кәсіпорын табысының негізгі бөлігі меншікті кірістер болып табылады. Сауда орындарын жалға алудан және аттракциондарға билет сатудан түскен қаржы, саябақты күтуге, абаттандыруға және көгалдандыруға, оның ішінде жалақы төлеуге, коммуналдық қызметтер, салық және әлеуметтік төлемдер төлеуге, негізгі құралдар мен материалдарға, жөндеу жұмыстарына және тауарлай материалдық құндылықтарды алуға жұмсалады.
– Саябақтың негізгі кіріс көзі «Колесо обозрения» аттракционы арқылы түсіп тұрған болатын. Қазіргі уақытта бұл аттракцион жұмыс істемейді. Бұл аттракционның қойылғанына 34 жыл өткен, ескіріп тозған. Саябақты сенімгерлік басқаруға берудің негізгі басты мақсаты инвестиция тарту арқылы заманауи бағытта жұмысын жандандыру болып отыр, – деді Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайырлиев.
Қалалық қаржы бөлімінің басшысы Ербол Шүкірғалиевтің мәліметінше, әлеуетті инвестор саябақтың жай-күйін, қызмет көрсету деңгейін жақсартуды өз қаражаты есебінен жүргізеді. Бұл ретте сенімгерлік басқаруға алушы инвестор қар тазартатын және қоқыс шығаратын арнайы техника сатып алуы, саябаққа коммуникациялар жүргізуі, саябақтың солтүстік жағынан яғни Сыдықов көшесі жағына асфальт жол салуы керек. Сондай-ақ саябаққа келушілер үшін және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған талаптарға сай кем дегенде үш дәретхана орнату, бейнебақылаулар орнату, жағажай алаңдары мен жүзу орындарын салу және абаттандыру, саябақ аумағына жаяу жүргінші жолдарын жөндеу, ауыстыру, жағалау аймағын және оған іргелес жатқан аумақтарды бекіту, абаттандыру, саябақ аумағында ойын алаңдары мен шағын стадион салу, шағын архитектуралық формалар орнату, ағаштарды түрлі-түсті сәндендіретін жарықтар орнату, жерасты кабеліне электр желісін ауыстыру (ВЛ-0.4 және КЛ-0.4 кВ) жаңа электр трансформаторын орнату, Шаған өзенінің жағалауына, шағын су көліктеріне тұрақ (парковка) жасау талаптары қойылып отыр.
Егер саябақты белгілі бір кәсіпкер сенімгерлік басқаруға алған жағдайда келісім шартта көрсетілген уақыттар аралығында осы талаптардың бәрін орындауға міндетті болады. Бұл талаптардың орындалуын уәкілетті орган халықпен бірге қадағалауға алмақ.

Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу