8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Наурыз 2020 2187 0
Қоғам

ЖҰМЫС КҮНІ ЕКІ САҒАТҚА ҚЫСҚАРАДЫ

БҚО мемлекеттік бас санитар-дәрігері М.Арыспаевтың 2020 жыл 30 наурыз №5-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» қаулысына сәйкес Орал қаласы мен аудандардың барлық аумақтық мемлекеттік органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдары, заңды тұлғалары (меншік нысанына қарамастан) жұмыс күнін екі сағатқа қысқартады.

Сондай-ақ жұмыс берушілер сақтық шараларын қабылдай отырып, өз қызметкерлерінің, клиенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Нақтырақ айтқанда, қызметкерлерге қолғаптар мен бір реттік маскалар таратуы, орынжайды күніне кемінде 2 рет ылғалды жинау және дезинфекциялау жұмыстарын ұйымдастыруы керек. Дүкендерге, дәріханаларға, медициналық мекемелер мен басқа да ұйымдарға кіретін және шығатын жерлерде санитайзерлер орнатылуы, орынжай ішінде адамдар санын шектеу қатаң сақталуы керек. Аталған қаулыда көрсетілгендей, бұл 20 шаршы метр жерде 1 адамнан аспауы тиіс. Сондай-ақ азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға бір мезгілде 2 адамнан артық кірмеуіне, орынжайдың ішінде және сыртында адамдар арасында кемінде 2 метр  қашықтықты сақтап тұруына, орынжайдың ішіндегі және сыртындағы кезектерде 5 адамға дейін болу шектеуінің сақталуын бақылау жасалуы тиіс. Бұдан бөлек, орынжайларға жеке қорғаныш құралдарынсыз (медициналық маскасыз) кіруге тыйым салынады.

Айта кетейік, коронавирустық инфекциясының өршуіне байланысты індеттің таралуының жолын кесу мақсатында Батыс Қазақстан облысында 31 наурыз сағат 00.00-ден бастап күшейтілген карантиндік режим енгізілді.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»