8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Желтоқсан 2019 4356 0
Дені сау ұлт

ЕКПЕ АЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Жыл сайын екпе алу арқылы алдын-алуға болатын әр түрлі аурулардан жүздеген адам науқастанып, ақыры өліммен немесе мүгедектікпен аяқталып жатыр.


Екпе  – бала күтіміндегі ең маңызды сұрақтардың бірі. Өкінішке орай, ата-аналардың көпшілігі қандай ауруларды алдын-алуға болатынын, сонымен қатар, қашан және қай уақытта жоспарлы екпені алуға болатынын білмейді. Осыған байланысты жоспарлы екпенің уақыты жақындаған кезде ата-аналардың екпенің қауіпсіздігі туралы қорқыныштары пайда болады. Екпе алу арқылы адам ағзасында кейбір ауруларға деген жасанды иммунитет пайда болады.
Қазақстан Республикасында халықаралық алдын алу екпелерінің күнтізбесі бар. Бұл құжатта екпенің түрі мен егілу уақыты нақтыланған. Екпе алу уақыты бала ағзасының иммундық жауабының толық жүзеге асырылу мүмкіндігіне байланысты. Екпе күнтізбесіндегі барлық екпелер ақысыз түрде жүргізіледі.
Вакцинация – балалар мен халықты көптеген жұқпалы аурулардан қорғайтын ең тиімді жол. Вакцина инфекциямен қатынаста болған кезде микроорганизмдердің дамуына тосқауыл болатын қорғаныш антиденелерді шығарады. Сол кезде ауырған жағдайдың өзінде, ауру жеңіл түрде өтеді. Вакцинация арқылы әр түрлі инфекциялық аурулардың санын азайтуға, ал кейбір ауруларды мүлдем жоюға болады.
Ағза үшін жат нәрсе болғандықтан, кей кезде вакцина жергілікті немесе жалпы реакциялар тудыруы мүмкін. Бірақ, бұл реакциялар сол аурудың асқынған жағдайы мен сол аурудың алып келуі мүмкін зардаптарына қарағанда өте сирек кездеседі. Екпе алғаннан кейінгі реакциялар жеңіл түрде немесе өте тез өтеді.
Ата-аналардың сенімсіздігіне келер болсақ, республикада халықты иммунизациялау кезінде, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткен вакциналар ғана қолданылады. Сонымен қатар, қолданыс алдында әрбір вакцина қажетті көптеген тексерістерден өтіп, қолданысқа ие болған кезден кейін де кезекті тексерістерден өтіп тұрады.
Вакцинацияның арқасында жер бетінде 1978 жылдан бастап, көптеген адамдардың өмірін алған табиғи шешек ауруы жойылды.
Екпенің дер кезінде алынбауы, инфекцияға сезімтал адамдардың көбеюі мен ірі аурудың бұрқ етуіне әкеледі. 1995 жылы Қазақстан Республикасында 1005 ауру жағдайы және 30 өлім жағдайымен аяқталған ең ірі дифтерия ауруының бұрқ етуі тіркелді. Ауруды алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасында 1995-1996 жылдар аралығында 3 жастан 60 жасқа дейінгі халықты қамтыған жаппай иммундау өтті. Жаппай иммундаудың арқасында дифтерия ауруы жағдайларының тіркелуі азайды.
Әр адамның екпе алуының еріктілігіне келер болсақ, заң бойынша Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау» Кодексіне сәйкес, халықтың инфекциялық ауруларды алдын-алуға арналған вакцинациясы міндетті. Себебі, вакцинация екпе алушының ғана емес, сонымен қатар, барлық халықтың да назарында. Сонымен қатар, қазіргі таңда ұйымдастырылған ұйымдарда инфекциялық аурулар тіркелген жағдайда, ауруды жұқтыру қауіпінің жоғары болуына байланысты екпе алмаған адамдардың аурудың қаупі аяқталғанға дейін сол мекемеге баруына тыйым салынады.

Айшат Ұзақбай, Орал қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
88 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
304 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
792 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1168 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1092 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1529 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2144 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2311 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2318 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2368 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2371 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2009 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2853 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2906 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2903 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3511 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3482 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3470 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3449 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3610 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3656 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»