ҚОҒАМДАҒЫ ОТБАСЫ РӨЛІН АРТТЫРУ НАЗАРДА
Неке – жеке отбасылық мәселе болып көрінгенімен, бүтін бір мемлекеттің мәселесі. Бүгінде отбасы құндылықтарының әлсіреп, «отбасы – шағын мемлекет» түсінігін жастардың жеңіл қабылдайтыны қоғамды алаңдатуда. Осы ретте биыл қала әкімдігінің бастамасымен 2019-2021 жылдарға арналған қоғамдағы отбасы рөлін арттыру бойынша қалалық жұмыс тобы құрылып, отбасын сақтауға қолдау көрсету мақсатындағы кабинеттер ашылды. Аптаның алғашқы күні аталмыш жұмыс тобы «Жас отбасыларын қалыптастыру мектебіндегі» психолог кабинетінің және №2 қалалық соттағы отбасы кабинетінің жұмысымен танысты.

«Отанның отбасынан басталатынын» екінші орынға қойып, түсініспеушілік пен кикілжіңге бой алдырулары әсерінен жас шаңырақ иелерінің ажырасуы жиіліп кеткені жасырын емес. Осы жылдың сәуір айындағы есеп бойынша жыл басынан 636 жұп неке қидырып, 428 отау бұзылған. Бұл – некеге тіркелгендердің 67,2 пайызы. Ажырасушылардың күрт көбеюіне байланысты қала әкімдігінің шешімімен үш жылға арналған қоғамдағы отбасы рөлін арттыру мақсатындағы жұмыс тобы құрылып, жан-жақты шаралар қолға алынды. Соның арқасында бүгінгі күні ажырасушылардың санын азайтуға алғашқы қадам жасалды. Нәтижеге бағытталған жұмыс сәтті жүргізілуде. «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің ұйтқы болуымен Салтанат сарайында апта сайын өткізілген тренингтерге неке қидыруға ниеттенген 180 жұп қатысып, кеңес алса, «Жас отбасыларын қалыптастыру мектебі» жобасы аясында «Жас қанат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ашылған психолог кабинетінде бір айдан астам уақытта 30 шақты жұп қабылданған. №2 сотта жыл басынан бері жұмыс жасайтын «отбасы кабинеті» де араларына сызат түскен ерлі-зайыптыларды қайтадан жарастыруға ықпал етіп келеді. Қазір некеге отырғандармен салыстырғанда ажырасушылар 43,6 пайызды құрап отыр. Демек, нәтиже бар. Тағы бір айта кетерлігі, отау құруға ниетті тараптар алғашқы психологиялық кеңестен кейін де қосымша тренингтерге қатысуға және отбасын құрғаннан кейінгі алғашқы жылдарда мамандардың көмегін алуға ықыласты екендіктерін білдіруде.
«Жас қанат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Азат Сейтимовтың айтуынша, психологиялық кабинетке жүгінетіндердің жас ерекшеліктері – 25-35 жас аралығында. Психологиялық кеңес тегін көрсетіледі және кеңес алушылар туралы мәлімет құпия сақталады.
Қалалық ішкі саясат бөлімінің қызметкері Анаргүл Сисенова атап өткендей, жүргізілген зерттеулер тұрмыстық зомбылық, жұптардың бірінің ішімдікке немесе есірткіге салынуы, материалдық қиындықтар – ажырасудың негізі екенін көрсетіп отыр. Әсіресе, жұбайлардың өмірге көзқарастарының сәйкес келмеуінен болатын ажырасу фактілері жоғары көрсеткішке ие. Сондай-ақ бедеулік те ерлі-зайыптылардың айырылысуына негіз болатын себептердің бірі.

Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу