8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Желтоқсан 2018 1853 0
Без рубрики

МЕРЕКЕЛІК МАРАПАТ

            Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай Орал қаласы әкімдігінде салтанатты жиын өтті. Жиынға қатысушыларды қала әкімі Мұрат Мұқаев құттықтап, қаланың дамуына үлесқосып жүрген бірқатар азаматтарды облыс, қала әкімі атынан алғыс хаттармен марапаттады.

– Ширек ғасыр бұрын Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатымен дүйім дүниеге тәуелсіздігімізді жария етіп, мәңгілік ел болудың бірегей қадамын жасадық. Ата-бабаларымыздың арманы ақиқатқа айналып, азаттыққа қолымыз жетті. Тарихи оқиғалар тоғысқан 16 желтоқсан біз үшін қасиетті күн саналды! Тұғыры – тыныштық, тірегі – тұрақтылық, тілегі – татулыққа негізделген Қазақ елін бүгінде әлем бейбітшілік бесігі деп мойындайды. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың 27 жылда бағындырған белестері орасан. Осы уақыт аралығында әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылған мемлекетіміздің толағай табыстары көп, –  деген Мұрат Рахметұлы Тәуелсіздік жылдары Орал қаласының әлеуметтік-экономикалық салалар бойынша қол жеткізген табыстарына тоқталды.

1996 жылмен салыстырғанда шаһар тұрғындарының саны 50 пайызға өсіп, бүгінде 250 мыңға жеткен. 2030 жылдары халық саны жарты миллионға дейін жетеді деп күтілуде. 1991 жылдан бері қалада көптеген құрылыстар жүргізілді. 20 шақты мемлекеттік балабақша салынды. 50 жеке мектепке дейінгі ұйым ашылды. 17 жаңа орта білім беретін мектеп іске қосылды. 2005 жылдан бастап тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында 80-нен астам көп қабатты үй салынды.

Өндіріс көлемі еселеп артты. Егер 1994 көрсеткіш 4 млрд. теңге болса, 2018 жылдың 10 айындағы көрсеткіш бойынша 102 млрд.-қа жетіп отыр. Инвестиция көлемі осы жылдарда 112-ге ұлғайған. Қала бюджеті 205 миллионнан 42 млрд.-қа жетті. 2001 жылдан бері қала ішінде жалпы ұзындығы 300 шақырымнан астам жол жөнделді.

Облыс орталығында жыл сайын 3000-дай жұмыс орыны ашылуда. Кәсіпкерлікпен айналысушылар көбеюде. Сондай-ақ цифрландыру аясында қалада бірнеше бағытта жұмыстар жүргізілуде. 2017 жылы қала әкімдігінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін кедергісіз қабылдау мақсатында «Ашық әкімдік» алаңы ұйымдастырылды. Жобаны алғашқы болып енгізген Орал қаласы әкімдігінің тәжірибесін бүгінде басқа өңірлер алуда.

Салтанатты жиында қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы Т.Шәкіржанов, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Нұрмұханбетов, қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы М.Жәрдемов, қалалық ардагерлер Кеңесі Президиумының мүшесі В.Шарина, №13 орта мектеп директоры Н.Раисов, «Ләззат» жеке кәсіпкерлігінің иесі Нұргүл Ашықова, «Жәңгір хан» атындағы сауда үйінің директоры Қ.Абатов, «Батыс Қазақстан көлікпен тасымалдаушылар қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры А.Мұқанов, «УралТехСервис» ЖШС директоры Александр Баклан, кеңесшісі Н.Бекқайыр, «Ақжол авто» ЖШС директоры Э.Вагапов және басқалары облыс әкімі атынан алғыс хат алды.

Қалалық бөлім мамандары, құқық қорғау саласы қызметкерлері және қалалық мәслихат депутаты В.Власов, «Алтындар» ЖШС директоры Д.Барабаш, «Жайық Таза қала» ЖШС директоры А.Саққазов, жұмысшылары А.Қарасаев, Н.Жақанов, «Батыс су арнасы» ЖШС кәріз желілері мен құрылыстарын пайдалану қызметінің басшысы Т.Мүсілімов, «Жайық жарығы» ЖШС учаске басшысы Е.Белхайров, «ОралТаза Сервис» ЖШС жүргізушісі А.Коблов, «Северный» ПИК төрағасы А.Танченко, «Еділ-Жайық ПИК төрағасы М.Супреев, «Коммунальник» ПИК төрайымы Т.Роточкова, «Жайық жылу қуат» АҚ дәнекерлеушісі Ә.Құдайбергенов қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

         

Қала басшысы Мұрат Рахметұлы мемлекеттік тапсырмаларды орындауда, қаланың дамуында әр азаматтың еңбегі зор екенін атап, әсіресе үкіметтік емес ұйым өкілдеріне, жеке кәсіпкерлерге, коммуанлдық сала қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
106 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
325 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
811 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1187 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1107 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1548 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2163 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2330 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2337 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2387 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2390 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2024 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2872 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2925 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2922 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3531 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3501 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3489 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3468 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3629 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3675 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»