ЗОРЛАУ ОРТАША АУЫРДАН АУЫР ҚЫЛМЫС ҚАТАРЫНА АУЫСТЫРЫЛДЫ
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Бүгін БҚО полиция департаментінде өткен брифингте қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнама, әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодекске енгізілген өзгерістер түсіндірілді.

БҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Асхат Теміржанов Қылмыстық Кодекс бойынша енгізілген өзгерістерді таныстырды.
Өзгеріс енгізіліп отырған баптардың бірі – Қылмыстық Кодекстегі 120 (Зорлау) және 121-баптарына (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) қатысты. Заңнаманың 1 тармағы бойынша бұған дейін 3-5 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы қолданылып келсе, енді ол 5-8 жыл аралығында бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылмақ. Әрі зорлау орташа ауырдан ауыр қылмыс қатарына ауыстырылған. Бұл бап бойынша тараптардың ымыраласуына жол берілмейді. Енді балаларға қатысты жасалған зорлау қылмыс аса ауыр қылмыс деп танылады.
Балаларды зорлау және оларға қатысты зорлық әрекеттерін жасағандарға 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы беріледі. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған жыныстық зорлық қылмысын жасаған тұлғаларға қатысты жаза да қатаңдатылып, 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаралып отыр. Бұған дейін бұл әрекет ауыр қылмыстар қатарына жатқызылмағандықтан, жауапкершілік қарастырылмаған болатын.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу