ЗИЯТКЕРЛЕР «АРУ АҚЖАЙЫҚТЫҢ ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАРЫ» МЕРЕКЕЛІК ЖОБАСЫН БАСТАДЫ
Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде күздің ең сәулелі мейрамы – Мұғалімдер күні қарсаңында «Ару Ақжайықтың ұлағатты ұстаздары» жаңа жобасы бастау алды.

Мерекелік жобаның басты кейіпкерлері – білім беру саласының майталмандары – облыс аудандары мен қала мектептері, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, біліктілікті арттыру Институты мен балабақшалардың белді ұстаздары. Зерттеу жобасында оралдық зияткерлер кейіпкерлердің өнегелі өміріне қанығып, ұстаздық ұстанымдарын зерделеп, нағыз мұғалімінің бейнесін ашуда. NIS-тің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жоба нәтижесі ретінде оқушылардың кейіпкермен болған сұхбаты, мақала, бейнеролик, зерттеу жұмыстары жариялануда.
Жоба кейіпкерлерінің бірі – «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері, Қазақ ССР білім беру ісінің үздігі, «Жыл директоры – 92» облыстық байқауының жеңімпазы, ардагер ұстаз Ситекенова Үміт Ғұмарқызы.
– Заман көші қандай бағыт алса да, мектептің басты мақсаты ол – Адам жасаушы, жан-жақты тұлғаның фундаментін қалау. Жас буынға өмір сүру – шатаспай сурет салу екендігін ұғындыру. Әр адам жаратылыстың ғажайып туындысы, әр адам құпия сыр сандық. Оның кілтін тауып үйлестіріп ашу қажыр қайрат, шығармашылық пен адам жанынының бағбану болу, өз уақытын аямау, басқаның уақытын аялауға тіреледі, – дейді ұлағатты ұстаз.
Жобаның жарқын кейіпкерлерінің бірі, ардагер ұстаз Бақтығұл Тасмағамбетовпен облыс орталығындағы зияткерлерді Тасқала ауданында тұратын сыныптастары онлайн-платформа арқылы байланыстырды.
Елу жыл өмірін шәкірт тәрбиелеуге арнаған Бақтығұл Жұмажанұлы қазір ел өміріне белсене араласып жүр. Ардагер ұстаз аудан орталығында ашылған тұңғыш қазақ мектебінде, кейін үздіктер оқитын «Сәулет» мектеп-гимназиясында басшылық қызметте болды. «Сәулеттің» аты алғашқы жылдары-ақ топ жарып, озық танылды. Білім сапасымен облыс аумағында маңдайалдылардың қатарында аты аталды.⠀
– Менің еңбегімнің жемісі – елге қызмет етіп жүрген ұл-қыздар. Олардың өз ісіне адал, кәсіби білікті маман атанғаны маған мың марапаттан артық, – дейді Бақтығұл Жұмажанұлы.⠀

Жас зияткерлермен сырласқан Ким Федянин, Светлана Бисембаева, Лидия Сгибнева, Жаңабек Жақсығалиев, Гүлзихан Таскарина, Баян Қабиева, Жеміс Еркеғалиева, Агерке Байженова, Еркін Нұрымбетов, Дина Кожбаева, Алмагүл Тукенова, Саид Алиев, Роза Жұмағалиева, Жасталап Бекишев, Сапия Қарағойшиева, Айболсын Абилова, Айболат Құрымбаевтар мамандық таңдау, еңбектің қасиеті, мұғалім бейнесі, өмір белестері туралы әңгімелеп берді.
Оқушылардың «Ару Ақжайықтың ұлағатты ұстаздары» жобасының кейіпкері Жеміс Еркеғалиева туралы дайындаған бейнефильмі: https://youtu.be/DuX3fFg0Nb0
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу