ЖОЛДАРДЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗУ ҮШІН 23 ЖОБА ДАЙЫНДАЛУДА
Бұл туралы Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков «Жайық үні-Жизнь города» газетіне «Қаламыздың даму жолында әр оралдықтың еңбегі зор!» тақырыбында берген сұхбатында айтты.
Шаһар басшысы сұхбатында қала жолдарының жағдайын жақсартуға ерекше назар аударылатынын жеткізді.
Қала бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы 615 шақырымды құрайды. Оның ішінде асфальт-бетонды және қатқылтабанды жабыны бар жолдың ұзындығы – 422 шақырым. Бұл жалпы қалаішілік жолдардың 68,8 пайызын құрайды. Қазіргі уақытта 11 нысан бойынша жол құрылысы жүргізілуде. Деркөл кентінің Сарыарқа шағын ауданында жолдарды асфальттау басталды, Сарытау шағын ауданында Зашаған кентінде жолдардың құрылысы аяқталуда.
– Өткен жылы қаламызда ұзындығы 65,5 шақырымға жететін 50 көшенің жолдары күрделі жөндеуден өтті. Атап айтсам, Зашаған кентінде – 18,9 шақырым, Деркөл кентіндегі Б.Майлин көшесі – 1,3 шақырым, қаланың орталық көшелерінде – 12,6, қаланың солтүстік-шығыс ауданында – 10 және Ет комбинаты ауданында – 9,4 шақырым жол жасалды. Қазіргі таңда 13 нысан бойынша жол құрылысы жүргізілуде. Деркөл кентінің Сарыарқа шағын ауданына жол салынуда, биыл 10,3 шақырым асфальт төсейміз. Сондай-ақ Зашаған кентіндегі Сарытау шағын ауданына жол салу жұмыстары аяқталып келеді. Бұдан бөлек, бүгінгі таңда жолдарды күрделі жөндеуден өткізу үшін 23 жоба жасақталуда, – деді Абат Абайұлы.
Жаңа жолдар бес жылдық кепілдікпен салынады. Осы мерзімде анықталған ақауларды қалпына келтіруге мердігер жауапты. Бұдан бөлек салынып жатқан құрылыс нысандары бойынша «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК-мен келісім жасалған. Тәуелсіз сарапшылар жол құрылысы орындарына барып, тексеру жүргізіп, қорытындысын әкімдікке ұсынады. Сәйкесінше, мердігерлерге беріліп, дер кезінде қалпына келтіру шаралары қабылданады.
Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды

Кіру
Пікір үстеу