ЖОЛДА ҚАЛҒАН ЖОЛАУШЫЛАР, ЖЫЛҚЫ ІЗДЕГЕН ӘКЕ МЕН БАЛА ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Кеше, 17 наурыздан 18 наурызға қараған түні облыс аумағында қарлы бұрқасын болды. Ауа райының қолайсыздығынан қиын жағдайда қалған жолаушыларға Батыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлері көмек көрсетті.

17 наурыз күні сағат 20.58-де БҚО ТЖД Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына Сырым ауданы, Шағырлыой кентінен 7 шақырым жерде орналасқан «Ахметжан» қыстағында трактормен жылқы іздеуге шыққан малшы қасында кішкентай баласымен жоғалып кеткені жөнінде хабар келіп түскен. БҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жедел түрде «ТРЕКОЛ» автокөлігімен іздестіру жұмыстарына шығып, оларды түнгі сағат 1.10-да тапты.
Сонымен қатар, сағат 22.06-да Сырым ауданы, Қоңыр ауылы аумағында Самара-Шымкент тас жолынан 10-15 шақырым қашықтықта Нива автокөлігі қар құрсауында қалып қойған. БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ №14 өрт сөндіру пунктінің құтқарушылары адамдарды жақын маңдағы жылыту пунктіне эвакуациялау үшін оқиға орнына жетіп, көлікте болған 5 адамға кқмек көрсетті, оның біреуі – бала. Құтқарылғандар тұрғылықты жері бойынша Қоңыр ауылына жеткізілді.
Бұдан әрі, Сырым ауданы Тасқұдық ауылы шамасында Нива автокөлігі қар құрсауында қалып, 3 адам құтқарылды. Құтқарылғандар Жымпиты кентінің жылыту пунктіне жеткізді.
18 наурызға қараған түні сағат 1.42-де Теректі ауданы Ақсоғым ауылы Барбастау-Индер тас жолының 71 шақырымында Ақсоғым ауылына бұрылысынан 2 шақырымда 10 автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Олардың үшеуі – жүк көлігі, жетеуі – жеңіл көлік. Құтқарушылар Ақжайық ауылындағы жылыту пунктіне адамдарды жедел түрде эвакуациялады. 10 адам құтқарылды, оның алтауы бала. Автокөлік жүргізушілері эвакуациядан бас тартқан.

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарын тас жолдарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Жолдардағы жағдай туралы ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасынан алуға болады. Құтқарушылардың көмегі қажет болған жағдайда «112» нөміріне хабарласу керек.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу