ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА
26 тамыз күні жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасын іске асыру шеңберінде «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, қоғам және БАҚ өкілдерімен бірлесіп Орынбор, Жәнібек, Орақбаев көшелерінің күрделі жөндеу объектісінде мониторинг жүргізді.

Бұған дейін, яғни шілде айында Орынбор көшесі бойынша комиссиялық тексеру барысында жұмыс жобасымен тұрғын үйлердің ауласына 2 бұрылу және медициналық мекемеге кіру жол қарастырылмағаны анықталған болатын. Қазіргі уақытта мониторинг барысында бұрын анықталған ескертулер толық жойылғаны анықталды.
Орақбаев көшесінің күрделі жөндеу учаскесінде комиссиялық тексеру кезінде жол төсемінің қабаттарының қабыршақтануы анықталды, бұл өз кезегінде мүмкін болатын ыдырауды көрсетеді және соңында шұңқырлардың, жарықтардың пайда болуына әкеледі. Сонымен қатар, тротуарға талап етілетін ұсақ түйіршікті асфальт-бетон қоспасының орнына ірі түйіршікті асфальт-бетон қоспасы төселгені анықталды.
Жәнібек көшесінің бойында қиыршық тастарды тығыздау техникасы іздері жоқ, негізгі қабатын қажетті тұтқыр битумның орнына битумдық эмульсиясымен өңдеген. Сондай-ақ, тегістеу жұмыстары мен тұтқыр материалдарды құю жұмыстары көрсетілетін жол жұмыстарының белгіленетін журналы жоқ болуына байланысты тапсырыс беруші мердігерге жұмысты тоқтату қажеттігін айтқан. Алайда, оған қарамастан мердігер жұмысын жалғастыруда.
Сонымен қатар, Орынбор, Жәнібек, Орақбаев көшелері бойынша тиісті сараптама үшін керн сынамасына іріктеу жүргізілді. Іріктелген керн сынамасы бойынша сапа орталығының зертханасында сынақ жүргізілетін болады.
Осы жобаның міндеттерінің бірі белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам мүшелерімен өзара іс-қимыл кезінде жол құрылысының барысын қоғамдық бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу