ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН ӨРЕСКЕЛ БҰЗҒАН ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
Оралда №22 бағытағы автобус жол ережесін өрескел бұзып, қарсы бағыттағы жолмен қозғалған. Ол жауапқа тартылды. Бұл туралы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі хабарлады.

30 наурызда Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне L 647 BC мемлекеттік нөмірлі №22 маршрут жүргізушісі тарапынан жолаушыларды тасымалдау ережелерін өрескел бұзғаны түсірілген видео жолданған. Аталған маршрут бойынша «Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС қызмет көрсетеді.
Факті жергілікті полиция қызметкерлеріне тиісті шаралар қабылдау үшін жолданып, автобус жүргізушісі ҚР әкімшілік-құқықбұзушылыш кодексінің 596-бабы 3-бөлімі (жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына , оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу – алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сала мамандары қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережесінің өрескел бұзылуына куә болған жағдайда Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің @jkh_uralsk ресми парақшасы direct-не түсірілген фото-видеоларды жолдау қажеттігін ескертеді.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу