ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ОРНАТЫЛЫП, КӨШЕЛЕР ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ
Бүгін қалалық әкімдіктің мәжіліс залында депутат Лилия Хайруллинаның төрайымдық етуімен өткен Орал қалалық мәслихатының 38-кезектен тыс сессиясында қалалық бюджеттің көлемі 52 879,3 млн.теңгеге нақтыланды. Бұл туралы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира Төлегенова мәлімдеді. Сессия жұмысына қала әкімі Абат Шыныбеков, құрылымдық бөлімше басшылары мен депутаттар қатысты.

Сессияның күн тәртібіне сай баяндама жасаған қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира Мұхитқызы 2019 жылға арналған Орал қаласының бюджетін жалпы сомасы 3 651,8 млн.теңгеге азайту жағына нақтылауды ұсынды. Бөлім басшысының баяндауынша, республикалық бюджеттен – 1 167,5 млн.теңге сомасына азайтылса, Ұлттық қордың қаражаты – 8,1 млн. теңгеге ұлғаяды. Облыстық трансферттер – 2 636,0 млн.теңгеге азайып, қала бюджетінің кірістері – 143,7 млн.теңгеге көбейеді.
Ұлттық қордан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 8,1 млн.теңге қаражат қарастырылды. Республикалық бюджет бойынша – 165,7 млн.теңге «Ақжайық» шағын ауданын кәріз жүйесінің құрылысы» нысанынан «Солтүстік-Шығыс бөлігін бөлшекті жобалау жоспарына көлбеу жоспарлау, алаңішілік жолдарды салу» нысанына бағытталып отыр. Сондай-ақ Зачаганск кентіндегі №48 және 47 тұрғын үйлердің құрылысына 134,7 млн.теңге қайта бөлінді. Атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 703,2 млн.теңге сомасында және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге 15,2 млн. теңге сомасында трансферттер қарастырылған. Инженерлік желілердің құрылысы бойынша үнемделген 121,4 млн.теңге сомасына және білім беру саласында 437,4 млн.теңге қаражатты қайтару көзделген. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыруға арналған трансферттер 61 млн.теңгеге азайтылды. Облыстық бюджеттен трансферттер есебінен тұрғын үй құрылысына бөлінген қаражат, құрылыстын келесі жылға ауыспалы болуына байланысты 2 630,2 млн.теңгеге азайтылған. Жолдар бойынша «Деркөл ауылындағы ішкі орам құрылысы» нысанынан «Зачаганск кентінің Сарытау шағын ауданын жолдарын қайта жаңарту» нысанына 100 млн.теңге сомасында қаражат қайта бөлінеді. Аула аумақтарын абаттандыру бойынша 21,8 млн.теңге көлемінде үнемделген қаражат қайтарылмақ. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге – 15,9 млн.теңге бөлінген. Ал қалалық бюджет қаражаты бойынша, мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаражатты басқа ағымдағы шығындарға қайта бөлу жүргізіледі. Мәселен, Зачаганск кентінде жөндеу-өндірістік базаның құрылысына ЖСҚ әзірлеу – 10,6 млн. теңге, жол белгілерін орнатуға – 5 млн.теңге, жол-көпір шаруашылығын ұстауға – 68,4 млн.теңге, білім беру саласының шығындарына – 62,9 млн.теңге, қалалық мәдени және спорттық іс-шараларға – 14,4 млн.теңге, облыстық бюджетке пайдаланылмаған кредиттерді қайтаруға – 143,7 млн.теңге қарастырылмақ. Аталған өзгерістер есебінен қалалық бюджеттің көлемі – 52 879,3 млн.теңгені құрап отыр.
Депутаттар аталған бюджеттік өзгерістерді бірауыздан қолдады. Сессияны қорытындылаған шаһар басшысы Абат Абайұлы бүгінгі күннің өзекті мәселесі, қоғам тарапынан жиі көтеріліп жүрген – жол белгілерін орнату, көшелерді жарықтандыру бойынша қаржы қарастырылғанын атап өтіп: – Алдымызда қаһарлы қыс айлары. Соған байланысты азаматтық қоғамдық бақылау жұмыстарын жүйелі жолға қоюымыз керек. Бөлінген барлық қаражаттар нақты мақсаттағы жұмыстарға бағытталды. Қазіргі таңда 2020 жылға арналған бюджеттің негізгі параметрлері белгілі болды, – деді. Осы орайда депутаттарды бірлесе нәтижелі жұмыстар атқаруға шақырды.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу