ЖОЛ АПАТЫНА ТҮСКЕН КӨЛІКТЕР КӨРСЕТІЛДІ
Батыс Қазақстан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылғы 19 қыркүйек күні республикалық «Абайлаңыз, балалар!» жедел—профилактикалық іс-шарасы аясында мектеп оқушыларына жол-көлік апатынан кейін автокөліктер жеткізілетін арнайы автотұраққа экскурсия ұйымдастырды.

Акцияның мақсаты – бала-жолаушылардың қатысымен болатын жол-көлік оқиғасының санын төмендетуге ат салысу, апат жағдайларының алдын алу, сондай-ақ, «Жол қозғалысы туралы» Заң нормалары мен автокөлікпен балаларды алып жүру кезінде балаларға арналған сақтану құралдарын міндетті қолдану ережесінің талаптарын түсіндіру.
Экскурсияға қаладағы №42 «Ақниет» мектеп-гимназиясынан 40 оқушы қатысты. Оларды Орал қаласындағы айып тұрағына алып келді. Бұл жерде жол апатына түскен машиналар мен жол ережесін өрескел бұзған машиналар қойылған. Оқушыларға автұрақтағы апаттан кейінгі көліктердің жай-күйі көрсетілді. Бұл арқылы балаларға апат кезінде көліктердің жан түршігерлік көріністерге ие болатыны жеткізілді.
– Жолдан өткен бала көліктің келіп қалғанын байқамай қалатын кездер жиі болады. Әсіресе, құлаққап киіп, музыка тыңдап жүретін жасөспірімдер қауіпсіздікті естен шығармаса екен. Өткен жылы облыс аумағында 2013 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, биыл тіркелген жол апатының саны 180-ге жетіп отыр. 2018 жылы облыс аумағы бойынша 71 адам қаза болды, ал, биыл – 57. Балалардың қатысуымен 41 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, соның ішінде төртеуі қаза болып, 49-ы әр түрлі дене жарақаттарын алған. Бүгін акция барысында балаларға жол апатына түскен көліктерді көрсетіп, автотұрақтарға экскурсия ұйымдастыруды жөн көрдік. Мұндағы мақсатымыз – балаларды жол үстінде жол ережелерін дұрыс сақтап, жол үстінде мұқият болуға шақыру, – деді БҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Манарбек Нәажиев.
Балаларды ертіп келген мектеп мұғалімінің айтуынша, мұндай іс-шаралар мектеп қабырғасындағы тұрақты сабақтарға қарағанда әлдеқайда тиімді.
– Біз үнемі жол қозғалысы ережелері тақырыбында сабақтар өткізуге тырысамыз. Жасыратыны жоқ, қазір қала көшелерінде көптеген жазатайым оқиғалар орын алып, адамдар қаза болып, көптеген адамдар ауыр жарақат алуда. Сыныптан тыс шаралар, тәрбие сағаттарын және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесулер өткіземіз. Балалар өз көздерімен көргендерін әлдеқайда жақсы есте сақтайды, сондықтан олар бұл экскурсияны ұмытпайды», – деді №42 мектеп-гимназиясының мұғалімі Назгүл Майматаева.
Жол апаты адамды жасына қарай бөлмейді. Жас адам да, кәрі адам да зардап шегіп жатыр. Осыған байланысты «Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғаннан тәртіп сақшылары мектептерге барып тәрбие сағаттарын ұйымдастырып, түрлі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді, әлі де жалғасын таба бермек.
БҚО ПД баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз

Кіру
Пікір үстеу