ЖЕРЛЕСТЕРІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ М.ЫҚСАНОВТЫ ЕСКЕ АЛДЫ
30 наурыз күні Достық үйінде Мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Біләлұлы Ықсановтың туғанына 95 жыл толуына арналған «Із қалдырған дара тұлға» атты еске алу кеші өткізілді.

Аталмыш шараға БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков, Мұстақым Ықсанов атындағы қордың төрағасы Асқар Атаев және шақырулы қонақтар қатысты.
Арамызда жоқ болса да күн озған сайын халқының сағынышына айналған, талайларға жан шуағын төгіп, еліне өшпес із қалдырған асыл азаматтың құрметіне көптеген шаралар оздырылған болатын. Атап айтсақ, Батыс Қазақстан облыстық мәслихат ғимараты жанында «Ғасырдың асылы» атты Мұстақым Ықсановқа арналған тақтайшаның ашылуы, баскетболдан жарыс және «Азамат боп ертеңмен, елге қызмет етемін» атты жастар арасындағы М.Ықсановтың 95 жылдығына орай пікірсайыс турнирлері өтті.
Еске алу кеші барысында Мұстақым Ықсанов атындағы қордың төрағасы Асқар Атаев және БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаздарды марапаттады.
Одан әрі шара мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. Концерттік бағдарламада Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әншілері Айбар Хайырханов, Айбек Тұрарбеков, Алтынбек Оразов, Дария Бақытова, Дархан Құлбабев, Жастар мәдениет үйінің әншілері Тарас Жауынбаев, Рүстем Кереев, Рустам Хафизов, Азат Қабиев, Әсел Кажимова, Салтанат» би ансамблі /жет.Б.Сапарғалиева, М.Танатова/ және Аружан Темірғали, Кәусар Мұса өнер көрсетті.

Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу