8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қазан 2019 2513 0
Қоғам

«ЖЕМҚОРЛЫҚ БАТПАНДАП КІРІП, МЫСҚАЛДАП ШЫҒАТЫН КЕСЕЛ»

Сейітжан ҚОЙБАҚОВ, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілі:

Жуырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  «Сыбайлас жемқорлық – өте күрделі құбылыс. Былай айтқанда дерт деп те айтуға болады. Батпандап кіретін, мысқалдап шығатын кесел. Сондықтан бұл дертпен міндетті түрде бәріміз қоғам боп күресуіміз керек. Әйтпесе кеш болып қалуы мүмкін. Сыбайлас жемқорлықтың кесірінен алып мемлекеттер, ірі мемлекеттер құлағанын бәріміз білеміз, куә болдық» деген болатын. Әрине, біздің елімізде сыбайлас жемқорлықтың бар екенін жасыра алмаймыз. Қазақта «Ауруын жасырған ажалсыз өледі» деген бар. Мемлекет тарапынан жемқорлықтың жолын кесу мақсатында ауқымды жұмыстар жасалуда. Азаматтық ұйым өкілдері осыған үн қосып, көмек көрсетуіміз керек. «Жаңару» жалпыұлттық қозғалысының мүшелері қоғамда сыбайлас жемқорлықтың барлық көрініс­терінде одан тұрақты түрде бас тартуды қалыптастыру мақсатында жұмыстанып келеміз.

Нұр-Сұлтан қаласында «Жаңару» қозғалысы жанынан «Адал алаң», «қоғамдық сенім» бастамаларын қолға алып, жоспар жасап, соған сай жұмыстар жүргізудеміз. Мақсатымыз – ел астанасының адал қала болып қалыптасуына өз үлесімізді қосу. Біздің қолға алған жобаларымыз өзге облыстарға таратылуда. «Жаңару» қозғалысының құрылғанына бес жыл ғана толды. Барлық аймақта филиалдарымыз бар. Бірақ, кейбір өңірлерде жұмыстың баяу екенін атап өтуіміз керек. Сондықтан әр өңір филиалдарының осындай бір жиында басқосуы жұмысты ілгерілету жолында тәжірибе алмасуымызға оң ықпалын тигізеді.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
98 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
151 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
339 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
331 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»