«ЖЕҢІМПАЗ ЖАЛҒЫЗ. ОЛ – ЕРЖАН»
«Голос Дети» байқауының жүлдегері Ержан Максим бүгін туған жеріне келеді деп күтілуде. Байқаудан соң оған жаңа ұсыныстар түсе бастаған. Бұл туралы жас әншінің анасы мәлімдеді.

Оралдық балғын Ержан Максим «Голос.Дети» Ресей тележобасының «Көрмей тыңдау» кезеңінде Андреа Бочеллидің «Ama credi e vai» әнін орындап, қазылар алқасын таңқалдырды. Қазылар құрамындағы Светлана Лобода, Пелагея және Валерий Меладзе – үшеуі де бұрылып, Ержан Максимді өз топтарынан көруге асық екендіктерін білдірді. Светлана Сергеевна бұған дейін шыққан қатысушылардан Ержанның дауыс деңгейі ерек екенін айтса, Пелагея оған әдеттегіден тыс лайықты теңеу таппай отырғанын жеткізді. Дегенмен, Ержан өзіне жетекші ретінде Валерий Меладзені таңдап, жетекшісімен бірге бірнеше кезеңдік байқауда көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді.
Алайда, 26 сәуірдегі шоудың финалы көрермендердің наразылығын тудырды. Бұған себеп – дауыс беру қорытындысы бойынша әнші Алсудың қызы Микелла Абрамованың жеңіске жетуі еді. Ал қазақстандық әнші Ержан Максим екінші орын иеленді. Көрермендер финал әділ өтпегенін айтып, шу шығарды. Көптеген ресейлік әртістер қазақстандық әншіге қолдау білдіріп, оны нағыз жеңімпаз деп білетінін айтты. Алғашқылардың бірі болып, танымал ресейлік тележүргізуші Максим Галкин Instagram парақшасында видео жариялап, өз отбасының пікіріне сай «Голос. Дети» байқауының жеңімпазын атады.
«Біз кеше отбасымызбен Ержан Максимге дауыс бердік. Жалпы, финалға қатысушылардың деңгейі жоғары болды. Ержаннан басқа Нино Чеснер, Анастасия Сисаури, Валерий Кузаков, Миша Григорян тамаша орындады. Микелла Абрамова да жақсы, бірақ финалға қатысушылардың бәрінен артта қалды. Абрамованың атақты ата-анасы мен олардың жұлдызды достары бәрін жасады. Басқа әншілердің ата-аналарында ондай мүмкіндік жоқ. Менің ойымша, жеңімпаз жалғыз, ол – Ержан Максим», – деді М.Галкин.
«Кешегі сайыста барлық балалар мықты өнер көрсетті. Алайда, Максим Галкинмен толықтай келісеміз. Кішкентай Ержан және оның зор дауысы», – деп жазды Вера Брежнева.
Димаш Құдайберген, Мөлдір Әуелбекова, Ақбота Керімбекова, Нұртас Адамбай сынды отандық эстрада жұлдыздары да жас дарынды қолдап, құттықтауларын білдіруде.
Ал Ержанның өзі екінші орынға еш қапаланбағанын және байқаудың қорытындысына көңілі толатынын жеткізген. Тіптен қарбаласқа толы өнер жолы енді басталмақ.
– «Голос. Дети» жобасына қатысып жатқанда музыкалық компаниямен 1,5 жылға келісімге отырдық. Келісім шарты бойынша басқа компаниялармен жұмыс істеуге шектеу қойылған. Баратын жағдайда сол компаниядан рұқсат сұрауымыз керек болады, – дейді анасы Гүлмира Әлібек.
Айта кетейік, Ержан үйдегі үш баланың кенжесі. Жетекшісі – Республикалық байқаулардың лауреаты, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі Дария Бақытова. Жас дарын 9 жасында халықаралық сахнада ең алғашқы жетістігін көрсеткен болатын. Ол 2016 жылы Грузияның Батуми қаласында өткен «Дельфин Фест» әншілер фестивалінің бас жүлдесін қанжығасына байлады. Бір жылдан кейін, яғни 2017 жылы Италияда өткен San Remo Junior фестивалінде симфониялық оркестрмен жанды дауыста ән шырқап, финалист атанды. Дәл сол жылы Витебсктегі «Славян базарында» екінші орын иегері болды. 2018 жылы балалар«Евровидениесінде» финалға шықты.
Талабы таудай талантты жерлесіміздің жұлдызы жарқырай түссін деп тілейік.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу