8 (7112) 50-86-31, 8-777-419-90-79
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Редакцияның байланыс телефондары:  Конкурс, хабарландыру орналастыру бойынша  8 777 419 90 79 whatsApp

Мақала жариялау, өтетін шара бойынша 8 777 872 54 00, 8 747 985 0153

Бухгалтерияға   қатысты сұрақтар бойынша 8 707 564 0763, 8 777 564 0763.

 

8 (7112) 50-86-31, 8-777-419-90-79
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қазан 2019 9467 0
Мәслихат жаршысы

ЖАУАПКЕРШІЛІК БОЛМАЙ, ІС ӨНБЕЙДІ

         Орал қалалық мәслихатының индустриалдық  даму, инфрақұрылым  және  тұрғын үй-коммуналдық  мәселелері    жөніндегі тұрақты комиссия мүшелері  қаладағы жол құрылысы және аула алаңдарының абаттандырылуы барысын қадағалады. Комиссияның көшпелі отырысына қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өкілдері мен құрылыс жұмыстарына жауапты мердігерлік компания басшылары қатысты.

Депутаттар алдымен Жамбыл көшесінде биыл құрылысы басталған жолдың сапасын бағамдады. Аталмыш комиссия төрағасы Тұрарбек Тілемісовтың айтуынша, қалалықтардың игілігі үшін салынған аталмыш көше жолының жиектастары сапасыз материалдан салынған. Тіптен, жобаға сай жасалғанымен, жарылған тұстары көп. Жиектас қыстан қалыпты шығуы неғайбіл. Көктем шыға еріген қар суына шыдас бермей, сынып кетуі ықтимал. Өйткені, қазірдің өзінде жаңадан салынғаны байқалмайды.  Жиектас желінсе, асфальт та бүлінеді. Сондықтан жауапты компанияға бәрін қайта ауыстырту керек.

Жол саласындағы бұл ірі жоба «Түркістан Жол Сервис» ЖШС-на тиесілі екен. Серіктестік басшысы Нұрлыбай Жандәулетовтің сөзіне сүйенсек, жобаның құны 423 млн. теңгені құрайды. Күні бүгінде 200 миллионның жұмысы атқарылған. Әрі қарай жұмыстар келер жылы бөлінетін қаржыға байланысты жалғасын табады. – Ружейникова көшесінен Айтқұлова көшесіне дейінгі жолдың қашықтығы 1,5 шақырымды құрайды. Ағымдағы жылы тек Сырым Датов көшесіне дейінгі жолды салу қарастырылған. Қазіргі таңда бұл жұмыстар аяқталды. Келер жылы қаржы қарастырылса, жұмыстар жалғасады. Депутаттар жиектастың сапасына сын айтуда. Бірақ, жиектасты жергілікті тауар өндіруші «Двинь Строй» ЖШС-нан  арнайы сертификатымен сатып алдым. Лабораториядан тексерттім. Келісімшарт әлі жабылмады, сондықтан орын алған ақаулар болса, қалпына келтіреміз, –дейді мердігер.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілі  Ербол Арыстанғалиевтың мәлімдеуінше,  аталмыш нысан әлі қабылданған жоқ. Сондықтан қателіктердің алдын алуға болады. – Құрылыс жұмыстары 2020 жылы аяқталады. Қыста қар тазалау кезінде автогрейдерлердің өзі жиектастарды бүлдіреді, – деген ол кінәні басқа тарапқа аударуға тырысты.

Бұдан соң комиссия мүшелері №12 округ депутаты Азамат Бисеновтің округіне қарасты «Премиум» сауда үйінің артында орналасқан иесіз аумақтың жағдайын бағамдады.

Өйткені, аталмыш аумақ тұрғындар үшін өте қауіпті. Айналасы қоқысқа толы, қазіргі таңда белгілі тұрағы жоқ жандардың мекеніне айналған. Сондықтан округ тұрғындары аталмыш мекенжайды халық еркін демалатын саябаққа айналдыру жөнінде депутатқа бірнеше мәрте ұсыныс білдірген. 300 шаршы метрге жуық аумақты  аралап, бүгінгі жағдайын көздерімен көрген комиссия мүшелері алдағы уақытта бұл жер телімінің нақты иесін анықтап, болашақта саябақ жасау жөнінде мәселе көтеретін болды. Осы мезетте бұл мекенжаймен күнделікті өтетін тұрғындар да наздарын жеткізді. – Күн сайын осы жермен  өтеміз. Ағаштың арасында ішімдік ішіп отыратындар көп. Кешкі мезгілде тіптен, үйімізге жету қиын. Айнала тас қараңғы. Тұрғындардың қауіпсіздігін ойлап, депутатымыз Азамат Ғимранұлына мәселемізді айттық. Бұл мекенжай тұрғындар демалатын әдемі саябаққа сұранып-ақ тұр, – дейді округ тұрғыны Людмила Алексеевна.

Көшпелі отырыс барысында депутаттар қаладағы алты аула аумағында жасалған жөндеу жұмыстарымен танысты.

Халық қалаулылары мердігерлердің жоспарға сай тиісті жұмыстарды аяқтаған соң қоқыс қалдықтарын жинамайтынына қынжылды. Бұл барлық аула аумақтарына ортақ мәселе. – Аулаларды жөндеді. Бәрі керемет, бірақ құрылыс қалдықтарын неге тастап кетеді? Сондай-ақ ауладағы орындықтар жоба бойынша жасалғанымен, сапасы сын көтермейді. Мердігерлер тұрғындарға қолайлы болуы үшін орындықты сапалы материалдан жасағаны жөн болар еді. Биыл менің округімдегі төрт аула алаңқайы қалыпқа келтірілді. Бірақ мердігерлерге сын көп,  –  деген  №11 округ депутаты Әнуар Мұқатаев алдағы уақытта аула алаңқайларын жөндеу барысында мердігерлер көгалдандыру мәселесіне де көңіл бөлуі керегін алға тартты. Мәселен, мердігер компания Ә.Молдағұлова көшесі, 9-үй ауласының жолын жөндеп, орындықтар орнатқанымен, абаттандыруға көңіл бөлмеген. Қазіргі таңда тұрғындар ақша жинап, аулаға жасыл-желектер отырғызу үшін қара топырақ төккізуде екен.  Ал Жуков, 9-үйдің ауласын жөндеуге жауапты «Тоби» ЖШС аулаішілік жолдарды толық аяқтамаған. Сондай-ақ  тұрғындар үйді темір торлармен айналдыра қоршап алыпты. Өзгелер өтетін жолды жауып тастағандықтан, көрші аула тұрғындары гараждарына айналып баруларына тура келеді. Бұл мәселені де округ тұрғындары халық қалаулысы Әнуар Вениаминұлына айтып, шағынды.

Вокзальная 6-үй ауласында да осы мәселе. Аула жаңарған, бірақ әдеттегідей  әр жерде шашылған қоқыс қалдықтары, сәні де, сапасы да келіспейтін орындықтар.

– «Тоби» ЖШС ауламызды жөндегеніне қуанып қалдық. Әйтсе де, мына орындықтардың сапасының төмендігі өз алдына, өте биік қой. Отыруға ыңғайсыз. Ұят нәрсе. Есік алдына шығып демалып отырғың келеді, бірақ мына орындыққа шығу біз секілді жандарға тіптен, мүмкін емес. Бұл үйде тұратындардың көбісі ардагерлер, – деген мүмкіндігі шектеулі аула тұрғыны Ольга Даниловна олқылықтардың орнын толтыруды сұрады.

Бұл күні  депутат Әлия Сәлиеваның округіне қарасты Әлия Молдағұлова көшесі 24-үйдің алдындағы құлағалы тұрған кәрі теректер де депутаттардың назарына ілікті. Осы орайда дереу ескі ағашты кесу туралы жауапты мекемелерге тапсырма берілді.  Көшпелі отырыс барысында депутаттар қаперге алынған мәселелер бойынша жауапты сала мамандарымен жұмыстанып, тиісті нәтиже шығаратындарын жеткізді.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
ӘР СЕНБІДЕ КОНЦЕРТ ӨТЕДІ
20 Маусым 2021
59 0
Қалалықтар қаперіне
ҚАТТЫ ЫСТЫҚ КҮТІЛЕДІ
20 Маусым 2021
84 0
Қалалықтар қаперіне
МАМАНДАР КЕҢЕС БЕРЕДІ
18 Маусым 2021
166 0
Қоғам
«МЕЙІРІМ ШУАҒЫНДАҒЫ» БІР КҮН
17 Маусым 2021
247 0
Қоғам
ГЕНЕРАЛДЫҢ АНАСЫ (қаз-қалпында)
15 Маусым 2021
601 0
Қалалықтар қаперіне
МОРАТОРИЙ КЕЗЕҢІНДЕГІ ПРОКУРОРЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ
15 Маусым 2021
353 0
Қалалықтар қаперіне
Как получить водительские права в автоЦОНе
14 Маусым 2021
297 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»