ЖАСТАР САЯСАТЫНДА 46 ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
Батыс Қазақстан облысында 14 пен 29 жас аралығында 128 527 жас бар. Ағымдағы жылы өңірімізде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін 3 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінген. Оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 46 жобаны іске асыруға 185 млн. теңге көзделген. Бұл туралы БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрхат Ораш айтып берді.
Биылғы жылы елімізде волонтер жылы болды. Осы орайда жұмыстың басым бағыты волонтерлікке бағытталды. Нұрхат Серікқалиұлының сөзіне сүйенсек, облыста 60-қа жуық ұйымға біріктірілген 10 мыңнан астам волонтер бар. Биыл волонтерлар мен волонтерлік ұйымдарды біріктіру мақсатында 15 бағыттан тұратын volunteer07.kz ақпараттық сайтты іске қосылды. Волонтерлардың күшімен облыс бойынша 19 412 отбасыға азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да түрде мекенжайлық көмек көрсетілді. Волонтерлік жобалар келер жылы да жалғасын табады. Биыл Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 7354 жас жұмыспен қамтудың түрлі шараларымен қамтамасыз етілді. Соның ішінде 6207 жас жұмысқа орналастырылған, атап айтсақ, 2586 жас жұмыс берушілер мәлімдеген бос жұмыс орындарына, 130 жас әлеуметтік жұмыс орындарына, 1835 жас маман жастар практикасына, ақылы қоғамдық жұмыстарға 1656 жас жолданған.
– Бұған қоса жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 126 жас жолданса, 95 жас оқуын аяқтап, 54 жас жұмысқа орналасты. 98 жас несие алса, 517 жас жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға қайтарымсыз негізде гранттарға қол жеткізді. «Бизнес – Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 406 жас бағытталды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 818 маман ауылдық жерлерге тартылып, 224,4 млн. теңге көлемінде көтерме жәрдемақы берілді. 555 маман 2,154 млрд. теңге көлемінде баспана алуға несие алды. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 1175 сарбаз, студенттік құрылыс жасақтары құрамында 371 жас маусымдық жұмыспен қамтылды, – деді Н.Ораш.
К.ДҮЙСЕКЕШҚЫЗЫ
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу