Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізуші мас болып шықты
5 ақпан күні Әбілхайыр хан даңғылы бойында орын алған жол апатына қатысты сараптама қорытындысы белгілі болды. БҚО ПД баспасөз қызметінің келтірген мәліметіне сай, Тойота камри автокөлігінің жұргізушісі орташа деңгейдегі мас күйде темір тұлпарды тізгіндеген болып шықты. Сот-химиялық сараптама нәтижесі бойынша 33 жасар азаматтың қандағы алкоголь мөлшері 1,34 промиллені құрады. Қазіргі уақытта жүгенсіз жүргізуші алған жарақатына байланысты қалалық көпбейінді ауруханада жатыр.
Еске салсақ, Әбілхайыр хан даңғылында бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап тұрған Ауди-80 автокөлігіне Тойота камри автокөлігі соқтығысып, салдарынан 28 жасар азамат оқиға орнында қаза тапқан. Кейіннен ажал құшқан тұрғын күнделікті нәпақасын тауып жүрген таксист екен анықталды.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу