ЖАМАЛ АНАМЫЗДЫҢ РУХЫНА АРНАЛДЫ
Ақжайық төрінде, Орал орталық мешітінде атымтай ана, жақсылыққа жаны құмар Әбдімәлікқызы Бибі-Жамал апамыздың рухына бағышталған республикалық қайырымдылық шара ұйымдастырылды.

Алла ризашылығы үшін жуырда дүние салған Әбдімәлікқызы Бибі-Жамал анамызды еске алу рәсімдерінің орнына ұрпақтары мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасауға ниет еткен. Бибі-Жамал апаның қырқына арналған қайырымдылық шарасы облыстық орталық «Орал» орталық мешітінде басталды. Алдымен орталық мешітінің наиб имамы Мейрамбек Ақылбекұлы қасиетті құран аятын оқып, бас имам Мұратбек қажы Қыстаубаев Әбдімәлікқызы Бибі-Жамал анамызға дұға жасады. Анамыздың өмірбаянына тоқталып, игілікті жолын жиналғандарға кеңінен жеткізді.
300 қоржынға салынған азық-түлік жалғызбасты аналар мен отбасы жағдайы төмен жандарға, мұқтаж отбасыларға берілді.
Айта кетейік, өмірінің соңына дейін көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қайырымдылықпен айналысқан Бибіжамал апа 2020 жылдың 1 тамызында 79 жасында дүниеден озды. Анамыздың рухына арналған қайырымдылық шарасы облыс, қала, аудан мешіттерінде өз жалғасын табады.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу