Жалған нөмірмен жүрген жүргізуші ұсталды
«Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қолдау және азаматтар жіберген құқықбұзушылықтардың жазасыз қалмауына, әкімшілік айыппұл салу туралы шығарылған қаулылардың орындалмауына жол бермеу мақсатымен 18 маусымнан бастап облыс аумағында «Борышкер» жедел алдын алу шарасы басталды.

Құзырлы органдар айппұлды қасақана төлемегендерге жалақысынан немесе басөа да табыстарынан ұстау немесе транспорттық көліктеріне тыйым салу сынды мәжбүрлеп өндіру шарасын қолданатын болады. осыған орай БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі салынған айыппұлды қысқартылған әкімшілік өндіріс тәртібімен, яғни айыппұлдың негізгі сомасының 50 пайызын жеті тәулік ішінде төлеуге шақырады.
Айыппұлдың, айыппұлдарды төлеу қажеттілігі туралы нұсқамалардың бар-жоғын WWW.egov.kz және qamqor.gov.kz, немесе Жәңгір хан, 160 мекенжайындағы мамандандырылған ХҚКО-нан білуге болады.
Іс-шараның алғашқы күні-ақ полиция қызметкерлері «Автоураган» кешені арқылы әкімшілік айыппұлдарды төлемеген азаматтарды анықтады. Рейд барысында 45 борышкердің үйіне барып, 13 азаматқа айыппұлды төлеу туралы ескерту берілді.
Сонымен қатар полицейлер жалған нөмірлік белгімен жүрген Орал қаласының тұрғынын ұстады. Әрі оның екі мәрте жол қозғалысы ережесін бұзғаны белгілі болды. Атап айтқанда, бағдаршамның тыйым салу белгісінде тоқтау сызығын кесіп өтіп, жылдамдығын асырған. Оған салынған айппұл – 20 200 теңге. Сондай-ақ ол жалған мемлекеттік нөмір белгісін орнатып, сол көлікпен жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Аталмыш жедел алдын алу шарасы 28 маусымға дейін жалғасады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу