8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қыркүйек 2020 1503 0
Өзек

ЖАЙЫҚҚА ЛАС СУ ТӨГІЛУДЕ

 «Батыс Су Арнасы» ЖШС мамандары оны қауіпсіз дейді.

Өзенге лас судың төгіліп жатқанын жергілікті тұрғындардың бірі ұялы телефонына түсіріп алған. Бейнежазбаға зер салсақ, онда түсініксіз сұйықтықтың Жайық өзеніне құйылып жатқанын аңғарасыз. Экология департаментінің мамандары бұл мәселе бойынша жұмыстанып, су сынамаларын талдауға алғанын мәлімдеді. Ал «Батыс Су Арнасы» ЖШС мамандары өзенге құйылған беймәлім сұйықтықтың қауіпсіз екенін айтты.

Бейнекөріністің авторы лас судың Подстепное ауылы маңындағы көпірден түсіріп тұрғанын айтады. «Батыс Су Арнасы» ЖШС директорының орынбасары Арман Кенжебаев бұл мүлдем қауіпсіз және өзенге ешқандай экологиялық зиян келтірмейтініне сендірді.

– Бұл – сүзгілерді жуу процесі. Жайық суын ауыз су ретінде пайдалану үшін бірнеше мәрте сүзгіден өткіземіз. Яғни, барлық саз бен құм сүзгілерде қалады, сондықтан біз оларды уақытымен жуамыз. Сондықтан бұл ағызу саз бен құм араласқан қалдық су болып табылады. Мұндай төгінділерге рұқсат бар, біз сүзгілерді күніне бірнеше рет жуамыз, – деді ол.

 

ЕСКЕРТЕМІЗ: видеода балағат сөздер айтылады

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
95 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
336 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
324 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»